Оқиғалар

«Бабалар ерлігіне арнау» /Аңырақай шайқасының 295 жылдығына орай/ батылдық сабағы

«Бабалар ерлігіне арнау» /Аңырақай шайқасының 295 жылдығына орай/ батылдық сабағы
13.03.2024
19
Текелі қалалық кітапханасы
Аңырақай шайқасының 295 жылдығына орай «Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасы» КММ «Бабалар ерлігіне арнау» атты батылдық сабағы өтті. Кітапханашы Н.А.Гребенюк қатысушыларға сол кездегі күрделі тарихи оқиғалар, жоңғарларға қарсы Аңырақай шайқасының себептері мен басталуы туралы, сондай-ақ осы шайқаста Қазақ хандығының әскерлерін басқарған Әбілқайыр ханның көрнекті рөлі туралы әңгімеледі. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан тарихы бойынша білім деңгейін арттыру; өз еліне деген патриоттық пен мақтаныш сезімін ояту; жас ұрпақтың еліміздің тарихи мұрасын зерделеуге деген қызығушылығын арттыруға үлес қосу. Іс-шараға орта мектеп оқушылары - 16 адам қатысты. 1 жаңа оқырман жазылды. Іс-шара әлеуметтік желілерде жарияланды.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика