Оқиғалар

«Бір пара – екі қылмыскер» сұхбат

«Бір пара – екі қылмыскер» сұхбат
11.07.2024
25
Текелі қалалық кітапханасы
«Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасы» КММ кітапханашылары Е.В. Житникова мен И. А. Вандакурова қала жастарымен «Бір пара – екі қылмыскер» атты сұхбат өткізді. Іс – шараның негізгі мақсаты – «пара» әр тараптың-беруші мен алушының жауапкершілігі екенін түсіндіру. Егер олар пара беруді тоқтатса, басқалары оларды қабылдауды тоқтатады. Кітапханашылар мемлекет өз тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлемдік стандарттарға сәйкес келетін тиімді институттары мен тетіктерін құру бағытын мақсатты және кезең-кезеңімен ұстанатынын айтты. Бүкіл ел көлемінде «Adaldyq alańy» бірыңғай брендімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңселер құрылды. Жоба мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіретін диалог алаңы болып табылады. Барлық облыстарда облыс әкімдіктерімен бірлесіп «Adaldyq alańy» өңірлік жобалық кеңселері құрылды. Іс-шараның соңында кітапханашылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды әдістерінің бірі Заңның міндетті түрде сақталуы болып табылатынын атап өтті. Бұл жерде моральдық жағы да үлкен рөл атқарады. Жоғары адамгершілікті адам заңдарды бұзбайды.
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика