29.10.2025
Текелі қалалық кітапханасы
???? 24 қазан – Кітапханашылар күні!
Осы мерекеге орай «Кітапханашы – уақытпен үндес мамандық» атты салтанатты кеш өтті.
Іс-шарада Жетісу облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов құттықтау сөз сөйлеп, кітапханашылардың қоғамның рухани және мәдени дамуына қосып жүрген еңбегін ерекше атап өтті.
Мереке аясында салада абыройлы еңбек етіп жүрген кітапханашылар «Мәдениет саласының үздігі», Алғыс хаттар және Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Кеш соңында қатысушылар жылы лебіздерін білдіріп, естелік суретке түсті. ????