12.06.2024
Текелі қалалық кітапханасы
«Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасы» КММ № 2 Филиалының кітапханашысы Н.Г.Темирбекова ақын,әнші Пішән Жәлмендеұлының 140 жылдығына орай «Ақынның қайталанбас әлемі» атты ақпарат минутын өткізді. Кітапханшы қатысушыларға П. Жәлмендеұлынының өмірбаяны туралы қысқаша айтып өтті. П.Жәлмендеұлы қазіргі Алматы облысы Қаратал ауданы Байшегір ауылында туған. Ақын, әнші, күйшілігімен қатар, ел басқару ісіне де белсене араласып, 18 жасында болыс болған Пішән 1921 жылы жаламен абақтыға қамалып, өлім жазасына кесілген. П. Жәлмендеұлының бірқатар әндері бүгінге жетті. Іс-шараның мақсаты қатысушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру