11.11.2025
Текелі қалалық кітапханасы
«Оның өмірі – жанып тұрған жұлдыз» атты әңгіме Текелі қалалық кітапханасында өтті. Іс-шара барысында кітапханашылар оқырмандарды Ш. Уәлихановтың өмірі мен ғылыми, қоғамдық қызметімен таныстырды.
✨ Шараның мақсаты – оқырмандардың Шоқан мұрасына, Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қызығушылығын арттыру болды.
???? Қатысушылар ғалымның білімге құштарлығы мен елге адалдығына тәнті болып, оның өмірінен үлкен рухани әсер алды.
???? Қорытынды бөлімде кітапханашылар Шоқан есімінің ағартушылықтың, батырлықтың және отансүйгіштіктің символына айналғанын атап өтті. Оның бай ғылыми мұрасы мен гуманистік идеялары бүгінгі күнге дейін өзекті болып, жас ұрпақты білімге, адалдыққа және елін сүюге шақырады.
???? Қатысушылар Шоқанның тұлғалық болмысына, еліне деген сүйіспеншілігі мен ғылымға адалдығына тәнті болып, оның өмір жолынан зор рухани әсер алды.