17.06.2024
Текелі қалалық кітапханасы
«Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасы» КММ балалармен жұмыс істейтін №1 Филиалының кітапханашысы Л.Б.Галимова Әкелер күніне орай «Әкемнен артық досым жоқ» атты балаларға сурет салу байқауын өткізді. Шара барысында балалар өздерінің әкелерінің қандай екенін,әкеге деген махаббаттарымен бөлісті.Іс-шараның мақсаты:жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым - қатынасты нығайту, ұлттық салт - дәстүрімізге байланысты әке орнының ерекше екендігін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын арттыру.Байқау соңында үздік деп танылған суретке блокнот берілді.