22.02.2024
Текелі қалалық кітапханасы
Кітапханалық-библиографиялық жұмыс аясында «Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасы» КММ «Қажетті кітапты қалай табуға болады?» атты кітапханалық сабақ өтті. Шара басында кітапханашы Н.А.Гребенюк кітапхананың кітап қоры: оның қызметі, құрамы және қолданылуы туралы айтты. Одан әрі қажетті әдебиеттерді (кітаптарды) табу үшін кітапханашының көмегі, сонымен қатар кітапхана каталогын пайдалану қажет екендігі айтылды. Каталогтың құрылымы туралы айта келе, кітапханашы алфавиттік және жүйелі каталогтың негізі болып табылатын каталог картасын көрсетті. Кіріспе әңгімеден кейін оқушыларға каталог карта арқылы кітап қорындағы кітапты өздері табу ұсынылды. Іс-шараның негізгі мақсаты - оқушылардың кітапхананың кітап қоры, сонымен қатар кітапхана каталогының қызметі мен құрылымы туралы білімдерін бекіту; кітапхана каталогы мен кітапхананың кітап қорынан қажетті әдебиеттерді өз бетінше іздеу дағдыларын дамытуға ықпал ету; мектеп оқушыларының оқуға деген қызығушылығының пайда болуына және дамуына ықпал ету.