18.01.2024
Текелі қалалық кітапханасы
Қаңтар айында «Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасы» КММ кітапханашысы Н.А. Гребенюк орта мектеп оқушыларына «Кітап пен кітапхана – адамның досы» атты библиогид жүргізді. Бастапқыда кітаптың адам өміріндегі маңыздылығы, кітап оқуға деген қызығушылықты жастайынан ояту қаншалықты маңызды екені айтылды. Келесі кезекте кітапханашы жиналғандарды кітапхана жұмысымен таныстырды. Ол абонемент және оқу залының жұмысы, кітап қорының құрамы және кітапханадағы өзін-өзі ұстау ережелері туралы айтты. Кітапханашы оқушылардың назарын кітап көрмелеріне аударып, кітапхана каталогының не екенін түсіндіріп, анықтамалық әдебиеттермен таныстырды. Шара соңында кітаптың білімді де, мәдениетті адам боламын деушілерге жан досы екені айтылды. Кітапханаға жиналғандардың барлығы тұрақты оқырман ретінде шақырылды.