01.04.2024
Текелі қалалық кітапханасы
«Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасы» КММ балалармен жұмыс істейтін №1 Филиалының кітапханашылары Д.Ербосынова мен Л.Галимова «Андерсен ертегілерін бірге оқимыз» атты сторителлинг өткізді.
Шара басында кітапханашылар балаларға Г.Х. Андерсеннің өмірі мен шығармашылығымен таныстырды. Олар Андерсен ертегілерін тек балалар ғана емес, үлкендер де қызыға оқитындығын айтып өтті. Себебі оның ертегілері әртүрлі жастағы адамдарға арналған. Андерсен ертегілері адам санасын оятады, онда халық даналығы тұнық күйінде сақталған екендігі туралы айтты. Сонымен қатар кітапханашылар балаларға автордың бірнеше ертегілерін оқып берді.