10.01.2024
Текелі қалалық кітапханасы
«Текелі қаласы әкімдігінің қалалық кітапханасы» КММ Қазақтың көрнекті суретшісі Әбілхан Қастеевтің 120 жылдық мерейтойына орай әлеуметтік желі қолданушылары үшін «Сұлулықты көру өнері» атты сурет галереясын ұсынды. Әбілхан Қастеев – ұлттық өнер мектебінің қалыптасуы мен дамуының бастауында тұрған Қазақстанның халық суретшісі. Оның мерейтойына арналған сурет галереяны кітапханашы Н.А.Гребенюк дайындап, өткізді. Қастеевтің кейбір картиналарының суреттері, олардың жасалу тарихы мен процесі, негізгі оқиға желісі мен кейіпкерлері туралы әңгімелейтін слайд-шоу түрінде ұсынылыды. Барлығы 19 слайд көрсетілді. Шараның басты мақсаты – еліміздің мәдениеті мен өнері туралы білімдерін кеңейту, Әбілхан Қастеев шығармашылығымен танысу, өскелең ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастыру мен дамытуға, сонымен қатар олардың танымдық қызығушылығын арттыруға ықпал ету.