Жаңалықтар
Байқау «Шәкәрім оқулары»

Құрметті Жетісулық оқырмандар, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының
шығармашылығын балалар мен жасөспірімдер арасында насихаттау мақсатында облыстық «Шәкәрім оқулары» байқауы өтетінін хабарлаймыз!
Байқауға 5-8 сынып оқушылары қатыса алады. Байқау облыстық және Республикалық деңгейде өтеді.
Шәкәрім оқулары 2 кезеңнен тұрады:
✅1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңі – Шәкәрім өлеңдерін
жатқа оқу конкурсы.
✅2. Бірінші кезеңнен іріктеліп шыққан талапкерлер «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңіне өтіп, электронды тақта көмегімен ұяшықтардағы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап береді.
Шәкәрім оқуларына қатысуы жөніндегі сұраныс хатты облыстық кітапхананың okuzaly.19@mail.ru почтасынажіберу қажет.
Байқауға өтініштер 2024 жылдың 27 ақпанына дейін қабылданады. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен алғыс хаттармен, марапатталады.
Байқаудан жеңіп шыққан талапкер 5 наурыз күні Астана қаласында Ұлттық Академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен өтетін ІІ Республикалық «Шәкәрім оқулары» байқауына жолдама алады.
????️Өтетін күні: 01.03.2024
⏰Уақыты: 10:00
????Байланыс үшін: 24-07-85
8 775 854 28 57 – Наргиз Камбаева
8 777 633 84 36 – Айым Жұмабекова