Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» тарихи романын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап оқу көшбасшысы – 2026» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Байқауға арнайы мектеп мұғалімдері, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының және кітапхана қызметкерлері қазылық етіп, қатысушылардың білімін, әдеби танымы мен шығармашылық қабілеттерін саралады.
Зияткерлік сайыс екі кезең бойынша өткізілді.
І кезең – «Мазмұнды жүйеленген ой».
Бұл кезеңде қатысушылар экранда ұсынылған ұяшықтардың ішінен өз қалауы бойынша тезис таңдап, оның мазмұнын терең пайымдап, негізгі ойын көркем тілмен өрбітіп, жүйелі әрі мазмұнды түрде жеткізуі тиіс болды. Тапсырма оқушылардың шығарманы қаншалықты меңгергенін,...
|