2025 жылғы 17 сәуір күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Панфилов ауданының құрметті азаматы Бұлдыбай Анарбай Сағиұлының қатысуымен «Кітапханаға кітап сыйла» атты игі бастама аясында кітапхана қорына кітаптарды сыйға тарту салтанатты шарасы өткізілді.
Шараның мақсаты – қоғамда кітап оқуды насихаттау, рухани құндылықтарды дәріптеу және кітапхана қорын жаңа басылымдармен толықтыру болып табылады. Бұлдыбай Анарбай Сағиұлы кітапхана қорына өзінің ғылыми және көркем шығармаларын, сондай-ақ бірқатар құнды әдебиеттерді тарту етті.
Салтанатты іс-шараға әдебиет және мәдениет саласының көрнекті өкілдері қатысты. Атап айтқанда, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әли Ысқабай, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, жазушы...
|