2026 жылғы 11 қыркүйек күні сағат 11:00-де Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған«KITAP Time – 2026» V жалпы республикалық кітап фестиваліөтті.
Іс-шараның алғашқы бөлімінде жүргізушілер қонақтар мен кітапсүйер қауымды фестивальдің ашылуымен құттықтап, «KITAP Time» фестивалінің маңызы мен мақсатына тоқталды. Қатысушыларға қазақ әдебиетінің таңдаулы туындылары, әлем әдебиеті, балалар әдебиеті, ертегілер, мотивациялық және психологиялық бағыттағы кітаптар, сондай-ақ Жетісу облысының ақын-жазушыларының шығармаларынан жасақталған кітап көрмелері таныстырылды.
Фестивальге әдебиет пен журналистика саласының белгілі өкілдері қатысты. Атап айтқанда, абайтанушы, философия ғылымдарының докторы, теолог Досым Қайырбекұлы Омаров, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Нұрилә Дәнтайқызы Бектемірова, ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан...
|