Жаңалықтар

Жетісу төрінде Есболат Айдабосынның «Бүкір» романы таныстырылды

13 қараша күні Жетісу облысының С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында рухани кеш өтті. Онда белгілі жазушы, журналист, «Janr» әдеби клубының президенті әрі «Mecenat.kz» әдеби байқауының жеңімпазы Есболат Айдабосынның «Бүкір» атты жаңа романының таныстырылымы өтті. Әдеби кештің басты мақсаты — заманауи қазақ прозасындағы тың туындыны қалың оқырманға кеңінен таныстыру, қаламгер шығармашылығын насихаттау және қалам мен оқырман арасындағы алтын көпірді нығайту. Тағылымды басқосуды жазушы, алаштанушы, Қазақстан Ресчпуцбликасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Елдос Тоқтарбай тізгіндеп, кештің мазмұнды өтуіне ұйытқы болды. Кездесу барысында автор «Бүкір» романының жазылу тарихы, шығарманың идеялық өзегі мен онда көтерілген өзекті тақырыптар туралы тереңнен толғап, оқырмандармен емен-жарқын ой бөлісті. Сонымен қатар әдебиет өкілдері туындының көркемдік ерекшелігі мен бүгінгі қазақ әдебиетіндегі ор...
Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.11.2026

«Үздік кітапхана жобасы» облыстық байқауы өтті

12 қараша күні Жетісу облысының С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында кітапхана саласындағы озық тәжірибелерді саралап, тың бастамалар мен жаңашыл идеяларды қолдауға бағытталған «Үздік кітапхана жобасы» атты облыстық байқау өтті. Шығармашылық бәсекеге облыс кітапханаларынан 7 кітапханашы қатысып, өздерінің авторлық жобалары мен кәсіби ізденістерінің нәтижелерін ортаға салды. Байқаудың негізгі мақсаты – кітапхана қызметін жетілдіруге бағытталған тиімді жобаларды анықтау, кітапханашылардың шығармашылық әлеуетін арттыру, жаңа идеяларды қолдау және үздік тәжірибелерді кеңінен насихаттау. Байқау үш кезең бойынша ұйымдастырылды: І кезең – Таныстыру. Қатысушылар өздерін, еңбек жолын және кәсіби ұстанымдарын таныстырып, жобаларының негізгі бағыттары мен мақсаттарын айқындады. ІІ кезең – Жобаны қорғау. Кітапхана жұмысын жаңғыртуға, оқырмандар қатарын арттыруға, кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға және заманауи ақпараттық қызметтерді дамытуға арна...
Толығырақ... Оқылды: 8 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.11.2026

«Яссауи – сопылық ілімнің шамшырағы» атты ойталқы өтті

Жетісу облысының С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында түркі әлемінің ұлы ойшылы, сопылық ілімнің көрнекті өкілі Қожа Ахмет Яссауидің өмір жолы мен бай рухани мұрасын дәріптеуге арналған «Яссауи – сопылық ілімнің шамшырағы» атты ойталқы ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығын кеңінен таныстыру, сопылық ілімнің мәні мен маңызын түсіндіру, рухани мұрасын насихаттау арқылы өскелең ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа және ізгілікке тәрбиелеу. Ойталқы барысында Қожа Ахмет Яссауидің өмір жолы, шығармашылық мұрасы мен сопылық ілімінің негізгі ұстанымдары туралы мағлұматтар беріліп, «Қожа Ахмет Яссауи – түркі әлемінің рухани ұстазы» атты бейнеролик көрсетілді. Кездесуге №11 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Айжан Сейдахметова қатысып, ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығы, сондай-ақ оның рухани мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін тағылымдық мәні мен маңызы туралы мазмұнды баяндама жасады. Шараның т...
Толығырақ... Оқылды: 7 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 10.11.2026

«Кітап оқу көшбасшысы – 2026» облыстық байқауы өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» тарихи романын кеңінен насихаттау, жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап оқу көшбасшысы – 2026» облыстық байқауы ұйымдастырылды. Байқауға арнайы мектеп мұғалімдері, «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының және кітапхана қызметкерлері қазылық етіп, қатысушылардың білімін, әдеби танымы мен шығармашылық қабілеттерін саралады. Зияткерлік сайыс екі кезең бойынша өткізілді. І кезең – «Мазмұнды жүйеленген ой». Бұл кезеңде қатысушылар экранда ұсынылған ұяшықтардың ішінен өз қалауы бойынша тезис таңдап, оның мазмұнын терең пайымдап, негізгі ойын көркем тілмен өрбітіп, жүйелі әрі мазмұнды түрде жеткізуі тиіс болды. Тапсырма оқушылардың шығарманы қаншалықты меңгергенін,...
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.10.2026

«Егемен ел – еңселі ел» атты патриоттық сағат өтті

23 қазанда 25 қазан – Республика күніне орай Жетісу облысының С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Егемен ел – еңселі ел» атты патриоттық сағат ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, қатысушылар мен қонақтар таныстырылды. Одан кейін көпшілік назарына «Республика күні – елдігіміздің айғағы» атты бейнеролик ұсынылып, еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи белестері мен Республика күнінің мән-маңызы кеңінен насихатталды. Іс-шараның алғашқы құттықтау сөзі С. Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың директоры Самал Қанатханқызы Шаяхметоваға және «Жастар рухы» жастар қанаты Жетісу облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Мүсілімұлы Сайлаубайға берілді. Қонақтар жиналған қауымды айтулы мерекемен құттықтап, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің қадір-қасиеті туралы ой қозғады. Патриоттық сағат барысында Республика күнінің тарихи маңызына тоқталып, оның ел тарихындағы орны мен ұлтты...
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.10.2026
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика