Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Мөлдір өлең» ұлттық поэзиялық жобасының ақындарымен «Поэзия шеберханасы» атты шығармашылық алаңы өтті.
Әдеби кешке Ұлытау облысынан арнайы келген ақындар – Қазақстан Республикасының Жазушылар одағының мүшелері Абай Ораз, ақын, журналист, Қазақстан Республикасының Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Мұқағали Сейітқазы және дәстүрлі әнші Ардақ Мұқышев қатысты.
Сонымен қатар шараға Жетісу өңірінің ақындары – Халықаралық Түрксой жазушылар одағының және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Janr» әдеби клубының мүшесі Азамат Нұрмұхан, ақын, жазушы, журналист, «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебінің дәріскері, республикалық және облыстық жыр мүшәйраларының жеңімпазы Мұхтар Күмісбек және жас ақын, көптеген ән сөздерінің авторы Бақыт Қалибек қатысты.
Шараның ашылуында Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық...
|