Жазғы демалыс кезінде С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы жас оқырмандарға есігін айқара ашып, Абай атындағы №1 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып оқушыларын қабылдады.
Кездесу барысында кітапхана мамандары балаларды кітап әлемімен жақынырақ таныстырып, кітапхананың бөлімдері мен қызметтері туралы қызықты мәліметтер ұсынды. Оқушылар өздерінің қызығушылықтарына сай әдебиеттермен танысып, ертегілер, энциклопедиялар және танымдық кітаптарды қызығушылықпен тамашалады.
Экскурсия танымдық әрі көңілді ойындармен жалғасып, оқушылар логикалық тапсырмалар орындап, белсенділік танытты. Сонымен қатар, шығармашылық сағат аясында сурет салып, өз қиялындағы бейнелерді қағазға түсіріп, өнерлерін паш етті.
Шара соңында балалар кітапхананың тек кітап оқитын орын ғана емес, жаңа білім алып, шығармашылықпен айналысып, қызықты уақыт өткізетін рухани әрі мәдени орта екеніне көз жеткізді.
Осындай танымдық кездесулер өскелең ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, олардың бос уақытын...
|