Жаңалықтар

«Бірлік – терроризмге қарсы қалқан» атты дөңгелек үстел өтті

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің клубында «Бірлік – терроризмге қарсы қалқан» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында оқырмандарға терроризмнің қоғамға төндіретін қаупі, оның алдын алу жолдары және қоғамдық қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, қоғамдағы бірлік пен өзара сыйластықты сақтау, күдікті жағдайлар кезінде сақтық танытып, тиісті органдарға хабарлаудың маңыздылығы сөз болды. Дөңгелек үстел барысында бейбіт өмірді сақтау, татулық пен ынтымақты бағалау және терроризмге қарсы күресте қоғамның бірлескен әрекетінің маңыздылығы атап өтілді. Оқырмандар қауіпсіздікке қатысты маңызды мәліметтермен танысып, қоғамдық жауапкершілік пен бірліктің мәні туралы түсініктерін кеңейтті.
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.10.2026

«Қоғамдық ортадағы мінез-құлық әдебі» атты тренинг сабақ өткізді.

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің клубында «Қоғамдық ортадағы мінез-құлық әдебі» атты тренинг сабақ өткізді. Тренинг барысында оқырмандарға қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау, айналасындағы адамдармен сыпайы қарым-қатынас жасау, сөйлеу мәдениетін сақтау және әдептілік қағидаларын ұстану туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, қоғамдық ортада өзара құрмет таныту, өзгелердің пікірін тыңдау, сабырлы болу және күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайларда дұрыс әрекет ету мәселелері қарастырылды. Сабақ барысында оқырмандар қоғамдық ортадағы мінез-құлық әдебіне қатысты пайдалы мәліметтермен танысып, әдептілік пен сыйластықтың адам қарым-қатынасындағы маңызын түсінді. Тренинг күнделікті өмірде мәдениетті қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге бағытталды.
Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 16.10.2026

Қазақ жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Сайын салған сырлы әлем» атты облыстық байқау өтті

13 қазан күні Жетісу облысының С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында көрнекті жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай«Сайын салған сырлы әлем» атты облыстық байқау өтті. Қазақ прозасында сыршыл баяндау мәнерімен, адам жанының терең иірімдерін шынайы бейнелеуімен ерекшеленетін Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», «Жабайы алма», «Анамның арманы» сынды шығармалары оқырман жүрегінен ерекше орын алған. Жазушының бай әдеби мұрасын насихаттап, жас ұрпақтың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен байқау екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Байқаудың бірінші кезеңі «Анамның арманы» шығармасына арналды. Бұл кезеңде қатысушылар жазушының аталған әңгімесінен ұсынылған үзіндіні өз бетінше жалғастырып, мәтінді мәнерлеп оқу, дауыс ырғағын сақтау, сахналық мәдениет пен шығарманың мазмұнын көркем жеткізу шебер...
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.10.2026

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде жазушы Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Жусан иісі – жүректе қалған сыр» атты әдеби-танымдық іс-шара өтті.

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде жазушы Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Жусан иісі – жүректе қалған сыр» атты әдеби-танымдық іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқырмандарға қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сайын Мұратбековтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Жазушының адамгершілік, мейірімділік пен балалық шақтың сырлы сәттерін бейнелейтін туындылары таныстырылып, «Жусан иісі» әңгімесінің әдебиеттегі орны мен тәрбиелік мәні туралы айтылды. Шара аясында оқырмандар «Жусан иісі» әңгімесін Sara-SE оқу құрылғысы арқылы тыңдады. Арнайы құрылғының көмегімен шығарманың мазмұнына үңіліп, жазушының көркем әлемімен танысты. Бұл жұмыс зағип және нашар көретін азаматтардың әдеби шығармаларды қолжетімді форматта тыңдап, рухани дүниесін байытуына мүмкіндік берді.
Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.10.2026

Қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы өндірісінің білгір жетекшісі, «Социалистік Еңбек Ері», "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері Зылиха Жанболатқызы Тамшыбаеваның 90 жылдық мерейтойына арналған«Еңбегімен еленген ел анасы» тұлғатану са

8 қазан күні С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қоғам қайраткері, ауыл шаруашылығы өндірісінің білгір жетекшісі, «Социалистік Еңбек Ері», "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері Зылиха Жанболатқызы Тамшыбаеваның 90 жылдық мерейтойына арналған «Еңбегімен еленген ел анасы» тұлғатану сағаты өтті. Шараның негізгі мақсаты – ел тарихында өзіндік орны бар дара тұлға Зылиха Тамшыбаеваның өнегелі өмірі мен еңбек жолын кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа оның елге қызмет етудегі азаматтық ұстанымын, қажырлы еңбегін, іскерлік қабілетін және адамгершілік қасиеттерін үлгі ету. Сонымен қатар тұлғаның өмір жолы арқылы адал еңбек, елге қызмет ету, жауапкершілік, отансүйгіштік, туған жерге деген сүйіспеншілік және ұрпақ сабақтастығы сынды құндылықтарды дәріптеу болды. Шара барысында кітапхана оқырмандарына Зылиха Жанболатқызының өмірі мен еңбек жолына арналған «Өнегелі өмір – ұрпаққа аманат» атты бейнеролик көрсетілді. Бейне...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 08.10.2026
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика