25 тамыз күні қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ойшыл, ағартушы ұлттық руханиятымыздың биік тұлғасы Абай Құнанбайұлының мол мұрасын дәріптеп, оның тағылымды шығармаларын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Абай ілімі-рухани қазына» атты облыстық Абай оқулары байқауы өтті.
Абай шығармашылығы терең ойлы қара сөздері мен көркем өрнекті өлеңдері жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, туған елін, ана тілін, әдебиеті мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелейді.
Аталған байқауға 13-15 жас аралығындағы мектеп оқушыларынан барлығы 12 үміткер қатысып, үш кезең бойынша өзара бақ сынасты. Байқау барысында қатысушылардың Абай мұрасын қаншалықты меңгергені, шығармаларды жатқа білуі, мазмұнын терең түсінуі, көркем әрі мәнерлеп оқу шеберлігі, тіл мәдениеті мен ой ұшқырлығы сараланды.
Байқауға қазылық еткендер қатарында философия ғылымдарының докторы, абайтанушы, Досым Қайырбекұлы Омаров, «Білім» гуманитарлы- техникалық колледжінің қазақ тілі және әдебиеті пәні...
|