Жаңалықтар

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Әдеп пен мәдениет» атты тренинг сабақ өтті.

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Әдеп пен мәдениет» атты тренинг сабақ өтті.
Уақыты: 25.08.2026
Оқылды: 28

Әдеп пен мәдениет – адамның қоғамдағы мінез-құлқы мен рухани құндылықтарын сипаттайтын, бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Шара барысында қатысушыларға ішкі және сыртқы мәдениет нормаларын сақтаудың, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор болудың, сыпайылық пен ізеттілік танытудың маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар тренингте мемлекеттік қызметшілердің әдептілік нормалары, Әдеп кодексіндегі мінез-құлықтың жалпы стандарттары мен іскерлік талаптары кеңінен сөз болды. Қатысушылар күнделікті өмірде әдептілік қағидаларын сақтап, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды құрметтеу төңірегінде ой бөлісті.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика