Жаңалықтар

15 мамыр күні Жетісу облысы С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен өңірде алғаш рет өткен «Балаларға арналған қиял-ғажайып комикс» байқауының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздар анықталды.

Жетісу облысы С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы ұйымдастыруымен өңірде тұңғыш рет өткен «Балаларға арналған қиял-ғажайып комикс» байқауы өз мәресіне жетті. Байқау жас буынның шығармашылық қабілетін шыңдап, балалар әдебиетін заманауи комикс жанры арқылы насихаттауға, сондай-ақ оқырмандардың қысқа да мазмұнды туындыларға қызығушылығын арттыруға бағытталды. Байқауға жеке және топтық бағыт бойынша барлығы 12 жұмыс ұсынылып, қатысушылар ұлттық кейіпкерлер мен аңыздарды тың қырынан бейнелеуге талпыныс жасады. 13 мамыр күні онлайн сараптау кезеңі өткізіліп, 15 мамырда үздік жұмыстар анықталды. Нәтижесінде: І орын — Асанқызы Айсұлудың «Жиренше және үнсіз аспаз» комиксіне, ІІ орын — Бақыт Аяулымның «Ер Төстік және Самұрық» туындысына, ІІІ орын — Чуркина Дарьяның «Бурабай аңызы» комиксіне берілді. Байқау барысында қатысушылардың қиял ұшқырлығы, ұлттық мұраға деген қызығушылығы мен шығармашылық ізденістері...
Толығырақ... Оқылды: 112 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.05.2026

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Отбасы – шағын мемлекет» атты кездесу кеші өтті.

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Отбасы – шағын мемлекет» атты кездесу кеші өтті. Кештің қонақтары Атейбековтар отбасы болды. Атейбеков Ербол – І топ көз мүгедегі, көпбалалы әке. Кездесу барысында ол өзінің өмір жолы, отбасыдағы жауапкершілік пен бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі туралы әсерлі әңгіме айтып, қатысушылармен ой бөлісті. Сонымен қатар отбасы мүшелері бірлік пен татулықтың, өзара қолдау мен түсіністіктің отбасы бақытының негізі екенін атап өтті. Шара барысында қатысушылар арасында еркін пікір алмасу ұйымдастырылып, отбасы құндылықтары жайында тағылымды әңгімелер айтылды. Кеш соңында кітапхана атынан Атейбековтар отбасына арнайы сый-сияпат ретінде кітап табысталып, ізгі тілектер білдірілді.
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.05.2026

«Ясауи ілімі және адамгершілік құндылықтар» атты ашық дәріс өтті

13 мамыр күні С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында түркі әлемінің рухани көшбасшысы, ойшыл, ақын Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Ясауи ілімі және адамгершілік құндылықтар» атты ашық дәріс өткізілді. Іс-шара барысында «Руханият шамы – Ясауи әлемі» атты кітап көрмесіне таныстырылым жасалып, «Ясауи мұрасы – мәңгілік тәрбие негізі» атты бейнекөрсетілім ұсынылды. №27 орта мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Мұқсипа Аяжан Нұрхатқызы, Авиценна колледжінің тарих пәнінің мұғалімі Жүнісов Мәжікен Адамович Ясауи ілімінің тәрбиелік маңызы туралы мазмұнды баяндама жасап, студенттерге өз ой-пікірлерін бөлісті. Шараға Талдықорған қаласының Авиценна медициналық колледжінің студенттері қатысты. Сондай-ақ, «Ой сергіту: Даналыққа бір қадам» сұрақ-жауап бөлімі ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Дәріс соңында қатысушыларға адамгершілік, имандылық, адалдық секілді асыл қаси...
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.05.2026

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Әбікен Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Жүз жыл жырымен келген ақын» атты әдеби кеш ұйым

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын Әбікен Сарыбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Жүз жыл жырымен келген ақын» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кітапханашы ақынның өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы жан-жақты мәлімет беріп, оның қазақ әдебиетіне қосқан үлесіне тоқталды. Сонымен қатар ақынның өлеңдері оқылып, қатысушылар назарына кітап көрмесі ұсынылды. Кітапханамыздың тұрақты оқырманы Дәуен Алғысбек ақын шығармаларының ерекшелігіне тоқталды. Ол ақын поэзиясының тәрбиелік мәні мен рухани құндылығы туралы әсерлі әңгіме айтып, қатысушылармен ой бөлісті.
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.05.2026

«Ұлы жеңіске тағзым» атты кең көлемді кітап көрмесі

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұлы жеңіске тағзым» атты кең көлемді кітап көрмесі С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы ұйымдастырылды. Аталған көрменің негізгі мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың ерлігі мен батырлығын ұлықтау, тарихи жадымызды жаңғырту және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, елжандылық қасиеттерді қалыптастыру болып табылады. Көрме аясында соғыс тақырыбын арқау еткен көркем әдебиеттер, деректі еңбектер, естеліктер мен тарихи басылымдар көпшілік назарына ұсынылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы облысы және Жетісу облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері қатысып, көрмемен жақын танысты. Сонымен қатар, Талдықорған қаласындағы №4 мектеп, №10 және №125 high school оқушылары келді. Кітапхана қызметкерлері келушілерге ұсынылған әдебиеттерге шолу жасап, әрбір кітаптың мазмұны мен тарихи маңызына тоқталды. Әсіресе, соғыс жылдарындағы майдангерлер...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.05.2026
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика