Жаңалықтар

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Еңбек және әлеуметтік қолдау» атты ақпараттық сағат өтті.

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Еңбек және әлеуметтік қолдау» атты ақпараттық сағат өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы еңбек заңнамасы, азаматтардың еңбек ету құқықтары, әлеуметтік қолдау шаралары мен мемлекеттік бағдарламалар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін әлеуметтік көмек түрлері, жеңілдіктер мен қолдау тетіктері кеңінен түсіндірілді. Ақпараттық сағаттың мақсаты – оқырмандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, еңбек және әлеуметтік қорғау саласындағы маңызды мәліметтермен таныстыру болды. Шара барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.03.2026

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақтың көрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділов шығармашылығына арналған дөңгелек үстел өтті.

Шара барысында жазушының «Тағдыр» романына кеңінен шолу жасалып, шығарманың тақырыбы, көтерген мәселелері, тарихи кезеңді бейнелеудегі ерекшеліктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар қаламгердің басқа да еңбектері туралы қысқаша мәлімет беріліп, кітаптары арнайы көрмеге қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға шығарма мазмұны жүйелі түрде таныстырылып, автордың шығармашылық жолы мен әдеби мұрасы туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ іс-шара барысында бөлім қорындағы мүмкіндіктер таныстырылып, оқырмандарға Қабдеш Жұмаділов шығармаларын аудио нұсқада тыңдап оқуға болатыны айтылды. Арнайы құрылғылар арқылы кітаптарды қолжетімді түрде пайдалану жолдары көрсетіліп, бөлім қызметінің ерекшеліктері түсіндірілді.
Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.03.2026

18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай «Наурыз – ежелгі дәстүр, мәңгілік мұра» атты кең көлемді кітап көрмесі туралы мәлімет

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай «Наурыз – ежелгі дәстүр, мәңгілік мұра» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қазақ халқының бай рухани мұрасын насихаттау, ұлттық киімдер мен салт-дәстүрлердің маңыздылығын кеңінен таныстыру, сондай-ақ жас ұрпақтың тарихи-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру. Кітап көрмесіне №4 орта мектептің 4-сынып оқушылары қатысып, шара аясында қатысушылар ұлттық киімнің маңыздылығы туралы тың ақпарат алып, қазақ халқының бай мұрасымен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды. Көрме кітапхананың арнайы кітап бөлмесінде ұйымдастырылып, алты бөлімнен тұратын мазмұнды экспозиция ұсынылды. Көрмеге 100-ден астам кітап, ғылыми еңбектер мен танымдық басылымдар қойылды. Әр бөлімде қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы құнды әдебиеттер топтастырылды. Кө...
Толығырақ... Оқылды: 56 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.03.2026

«Кедергісіз болашақ» жобасы аясында практикалық жаттығу өтті

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Брайль қарпінің 11 әрпін жазу бойынша практикалық жаттығу өткізілді. Іс-шара барысында қатысушылар Брайль жүйесінің ерекшеліктерімен танысып, арнайы тақтайша мен құралдардың көмегімен 11 әріпті жазып үйренді. Практикалық сабақ зағип және нашар көретін азаматтардың жазу дағдыларын дамытуға, Брайль қарпін меңгеруіне бағытталды. Жаттығуды кітапханашы Айдарбеков Берік жүргізіп, қатысушыларға Брайль қарпін дұрыс жазу тәсілдерін түсіндіріп, тәжірибелік көмек көрсетті.
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.03.2026

Қоғам және мемлекет қайраткері, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай «Алаштың ардақтысы - Әлихан Бөкейхан» оқырман конференциясы өтті.

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Жастар» орталығымен бірлесіп, қазақ халқының ұлт азаттығы жолындағы күресінің көрнекті тұлғасы, қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 160 жыл толуына орай «Алаштың ардақтысы – Әлихан Бөкейхан» атты оқырмандар конференциясы өткізілді. Конференция барысында кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Алаштың ардақты перзенті» атты кітап көрмесі таныстырылып, көрмеге қойылған тарихи, ғылыми және танымдық еңбектерге шолу жасалды. Көрмеде Алаш қозғалысының тарихы, Әлихан Бөкейханның өмір жолы, қоғамдық-саяси қызметі мен ғылыми еңбектері жайлы құнды деректер ұсынылды. Сонымен қатар қатысушылар назарына «Әлихан мұрасы – мәңгілік мұрат» атты мазмұнды бейнеролик ұсынылып, онда Алаш көшбасшысының өмірі мен ел болашағы үшін атқарған қызметі кеңінен қамтылды. Конференцияға арнайы шақырылған қонақтар – І.Жансүгіров атындағы Жетіс...
Толығырақ... Оқылды: 92 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.03.2026
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика