Жаңалықтар

Брайль әліпбиімен және Брайль тақтайшасымен танысу сабағы өтті

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде Брайль әліпбиімен және Брайль тақтайшасымен танысуға арналған оқыту сабағы ұйымдастырылды. Сабақты кітапханашы Айдарбеков Берік жүргізді. Іс-шара барысында оқырмандар Брайль әліпбиінің пайда болу тарихы, оның оқу мен жазудағы маңызы туралы жан-жақты мәлімет алды. Сонымен қатар, Брайль тақтайшасы мен грифильді пайдалану арқылы нүктелі-бедерлі әріптерді, сөздер мен қысқа мәтіндерді жазу тәсілдері түсіндірілді. Сабақтың практикалық бөлімінде қатысушылар Брайль тақтайшасын қолданып, өз беттерінше әріптер мен сөздерді жазып көрді. Кітапханашы әр оқырманға жеке түсіндірме жасап, дұрыс жазу техникасын меңгеруге көмектесті.
Толығырақ... Оқылды: 73 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.01.2026

Күйші-композитор Дина Нұрпейсованың туғанына 165 жыл толуына орай "Күй анасы - Дина" атты өнер сағаты өтті

13 қаңтарда күйші-композитор Дина Нұрпейсованың туғанына 165 жыл толуына орай "Күй анасы - Дина" атты өнер сағаты өтті. Шара аясында қатысушыларға «Қазақ күйінің шоқ жұлдызы – Дина» атты бейнеролик көрсетіліп, күйшінің өмірі мен шығармашылық жолы туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар «Күй анасы-Дина» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Өнер сағатына Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің ұстазы, күйші Рүстем Кәмілұлы Наурызов қатысып, Дина Нұрпейісованың өмірі мен мол мұрасы жөнінде оқушыларға тағылымды мәліметтер ұсынды. Сондай-ақ оның шәкірті, Қ.Байсейітов атындағы саз колледжінің 4-курс студенті Нүсіпхан Бағлан қатысып, күйшінің «Той бастар», «Әсем қоңыр», «Байжұма» күйлерін орындады. Сонымен бірге Динаның ұстазы Құрманғазының күйлерінен «Күй топтама» шертілді. Оқушылар сарайынан келген «Құлагер» домбырашылар ансамблі...
Толығырақ... Оқылды: 234 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.01.2026

«Күй анасы Дина Нұрпейісова» атты дөңгелек үстел өтті

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде қазақтың күй өнерінің көрнекті өкілі, ұлттық мәдениетіміздің асыл мұрасын сақтаушы күй анасы Дина Нұрпейісоваға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шара барысында Дина Нұрпейісованың өмірбаяны, Құрманғазы Сағырбайұлының шәкірті ретінде қалыптасуы, күйшілік мектебі және өнер жолындағы еңбегі кеңінен әңгімеленді. Сонымен қатар оның «Бұлбұл», «Әсемқоңыр», «Науысқы», «Тойбастар» сияқты белгілі күйлерінің мазмұны мен көркемдік ерекшеліктері талқыланды. Сондай-ақ кітапхана қорындағы Дина Нұрпейісоваға арналған кітаптар таныстырылып, қатысушылар арасында пікір алмасу өтті. Күй өнерінің ұлттық мәдениеттегі орны мен маңызы жөнінде мазмұнды ойлар айтылды.
Толығырақ... Оқылды: 85 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.01.2026

«Карнавалды Кітапхана түні - 2025» мерекелік кеші өтті

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың ұйымдастыруымен өнер мен әдебиеттің тоғысқан, жаңа жылдық шаттыққа толы «Карнавалды кітапхана түні – 2025» атты мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті. Мерекелік шара әдебиет пен өнерді қадірлейтін көпшілікке арналған мазмұнды бағдарламасымен ерекшеленді. Кеш шымылдығы «Назар серілер» тобының орындауындағы «Қазақтың арланымыз» әнімен ашылып, көрермендерге ерекше рух пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Іс-шара барысында қонақтар өнер шеберлерінің тағылымды туындыларын тамашалап, XIX ғасырдағы ағылшын әдебиетінің әйгілі кейіпкерлері бейнеленген «Әдеби карнавал: кітаптар дефилесі» атты көркем қойылымға куә болды. Сондай-ақ «Мизам» әдебиет мектебінің жетекшісі Мұхтар Күмісбекпен және мектептің үздік шәкірттерімен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. «Ғажап сезім: кітап пен поэзия» айдарымен өткен поэзиялық бөлімде жас ақындар өздерінің ең таңдаулы өлеңдерін оқыды. Бұл по...
Толығырақ... Оқылды: 76 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.12.2025

Жетісу облысы әкімінің қолдауымен жаңа жарыққа шыққан кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

26 желтоқсанда Жетісу облысы әкімінің қолдауымен жанры мен жазылу ерекшелігі әрқилы Жетісулық ақын-жазушылардың 7 кітаптың тұсаукесер рәсімі С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында өтті. Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдаулетовтың қатысуымен өткен игі шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы ұйымдастырды. Салтанатты жиынға аймақта еліміздің әдебиеті мен мәдениетінің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, өнер мен руханият жанашырлары қатысты. Шара барысында Жетісу облысының әкімінің орынбасары Диас Рахметұлы Есдәулетов пен облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, ақын, академик, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін, балалар жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Жұмбақтар мен жаңылтпаштар», «Түйсік үйіндері мақал-мәтелдері» кітаптарының авторы Әли Ысқабай жарық көрген жаңа кітаптардың л...
Толығырақ... Оқылды: 99 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.12.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика