14 қазан күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен библиографтардың шығармашыл, талантты, бастамашыл кітапхана библиографы мамандарын анықтау мақсатында «Үздік библиограф – 2025» облыстық байқауы өтті.
Байқау 3 кезеңнен тұрды:
1-кезең: Ұсыныс библиографиясының үлкен формалары бойынша: библиографиялық көрсеткіштер, дайджест, библиографиялық шолулар, өлкетанудың шағын энциклопедиялары ұсынылды. Қатысушылар тізімдегі формалардың бірін ұсынуы қажет болды.
2-кезең: Ұсыныс библиографиясының кіші формалары бойынша: әдебиеттер тізімі, буклет, жаднама, кітап бетбелгісі, парақша, плакат. Қатысушылар осы тізімдегі біреуін ұсынып, қысқаша түсініктеме берді.
3-кезең: «Библиографиялық оқу құралдары — ойыншық» кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі элементі — ойыншық, ойын немесе кез келген зат болады. Қатысушылар кітапхана қорындағы кітаптар негізінде библиографиялық кітаптар-ойыншықтар, оқу құралдары-макеттер, ә...
|