Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Ата заңның шұғыласы» атты кітап көрмесі

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Ата заңның шұғыласы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстан Республикасының Конституциясы, мемлекет және құқық негіздері, тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен даму жолын баяндайтын еңбектер, заң ғылымына қатысты әдебиеттер қойылды. Сонымен қатар Елбасы мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектері, Ата заңның қабылдану тарихы мен оның қоғамдағы рөлі жайлы материалдар ұсынылды. Кітап көрмесі оқырмандарға еліміздің конституциялық дамуын тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.
Толығырақ... Оқылды: 82 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.08.2025

«Үздік жас кітапханашы-2025» облыстық байқауы өтті

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен жас кітапханашылар арасында мамандықтың беделін арттырып, кәсіби құзіреттілігі мен шеберлігін дамыту мақсатында «Үздік жас кітапханашы-2025» облыстық байқау өтті. Байқау 5 кезеңнен тұрды. 1 кезең: «Кітапханашы бейнесі» бейнетаныстырылым 2 кезең: Жоба, портфолио 3 кезең: Тақырыптық эссе жазу 4 кезең: Ситуациялық сұрақтарға жауап беру 5 кезең: Шығармашылық қойылым Байқауға 8 аудан, 1 қала кітапханаларынан 9 кітапханашы қатысып, жас маман ретінде шығармашылық ізденістерін өз шеберлігі мен біліктілігін жоғары дәрежеде көрсеткені үшін «Үздік жас кітапханашысы-2025» облыстық байқауының І дәрежелі дипломымен Ескелді ауданы Көкжазық ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нүсіп Айжан Бекежанқызы, ІІ дәрежелі дипломымен Талдықорған қаласы Еңбек ауылдық кітапханасының кітапханашысы Нұрсағатова Амина Сабитқызы, ІІІ дәрежелі дипломымен Сарқан ауданы Лепсі ауылд...
Толығырақ... Оқылды: 186 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 22.08.2025

Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын насихаттау мақсатында «Абай әлемі» атты облыстық Абай оқулары байқауы өтті.

Жаһандану дәуірінде білім мен мәдениеттің биік шыңына жету — тек кәсіби біліктілікпен ғана емес, ұлттық рухты бойға сіңірумен өлшенеді. Сол руханияттың өзегі – ата-бабадан қалған асыл мұра. Бұл мұраны келер ұрпаққа аманаттау – әр азаматтың қасиетті парызы. Осы мақсатта жастардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді дарытудың ең тиімді жолы – Абай шығармаларын зерделету екені сөзсіз. Осы орайда Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында «Абай әлемі» атты облыстық Абай оқулары байқауы ұйымдастырылды. Шара үш кезеңнен тұрды: алғашқысы – «Абайдың қара сөздері» бағыты бойынша даналыққа толы қара сөздерін жатқа оқу, екіншісі – «Абай үні, Абай лебі» кезеңінде ақынның өлеңдерін мәнерлеп жатқа айту, ал үшінші кезең – «Абай жолы» романынан қойылған сұрақтарға жауап беру. Байқаудың басты мақсаты...
Толығырақ... Оқылды: 100 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.08.2025

ЖҮРЕКТЕГІ ЖЕТІГЕН ЖЫР

Құрметті оқырмандар мен әдебиет сүйер қауым! Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы сіздерді 18 тамыз күні, сағат 15:00-де ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Гүлбақыт Қасенмен өтетін тағылымды да сырлы әдеби кездесу кешіне шақырады. Бұл кеш – жүрек пен жыр тоғысқан, шабыт пен сырға толы ерекше сәттер сыйлайтын өнер мерекесі болмақ. ???? Өтетін орны: Талдықорған қаласы, Назарбаев даңғылы, 91/99.
Толығырақ... Оқылды: 108 Санат: Афиша Уақыты: 14.08.2025

«Спорт – сенің серігің» атты ашық аспан астыңда кітап көрмесі ұйымдастырылды

13 тамыз күні кітапхананың ұйымдастыруымен спорт күніне орай арбат алаңында қала тұрғындарына «Спорт – сенің серігің» атты ашық аспан астыңда кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқырмандардың спортқа қызығушылығын арттыру, денсаулықты нығайтуға, белсенді өмір сүруге ынталандыру, спорт арқылы табандылық пен жігерлілікті қалыптастыру. Көрмеге әртүрлі спорт түрлері, олимпиада және әлем чемпиондары, ұлттық спорт ойындары мен олардың тарихы туралы кітаптар қойылды. Сонымен бірге атақты спортшылардың өмірбаяндары, жетістіктері, жаттығу мен жарысқа дайындалу жөніндегі еңбектер қойылып, библиографиялық шолу жасалды.
Толығырақ... Оқылды: 82 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.08.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика