Жаңалықтар

Смартфонмен жұмыс істеу және (TalkBack) экранды оқитын функцияларын қолдануды үйрену сабағы

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында смартфонмен жұмыс істеу және (TalkBack) экранды оқитын функцияларын қолдануды үйрену сабағы өтті. Сабақ барысында қатысушылар смартфонның негізгі мүмкіндіктерімен танысып, сенсорлық экранмен жұмыс істеу, қоңырау шалу, хабарлама жазу және оқу, интернетке қосылу, күнтізбе мен еске салғыштарды пайдалану сынды күнделікті өмірде қажет болатын дағдыларды меңгерді. Сонымен қатар, (TalkBack) функциясы арқылы экранда көрсетілетін мәтінді дыбыспен есту, құрылғыдағы мәзірлер мен қосымшалармен өзара әрекеттесу, басқару қимылдарын пайдалану, сондай-ақ арнайы пернелер мен экрандағы белгілерді тану дағдылары да оқытылды. TalkBack арқылы визуалды мазмұнды дыбыстық түрде қабылдау мүмкіндігі ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін смартфонды еркін пайдалануға жол ашады. Бұл сабақ зағип және нашар көретін жандардың цифрлық сауаттылығын арттырып, олардың қоғамға толыққанды бейімделуіне және ола...
Толығырақ... Оқылды: 71 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.07.2025

«Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Жұмекен Нәжмеденовтің «Жұмекен Нәжмеденовтың әдебиеттегі орны мен рөлі» атты ақпараттық сағаты өтті

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретіназаматтарға арналған бөлімінде «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, аудармашысы Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналған «Жұмекен Нәжімеденовтің әдебиеттегі орны мен рөлі» атты ақпараттық сағат өтті. Іс-шара барысында бөлім меңгерушісі Таукебаева Гаухар оқырмандарға Жұмекен Нәжімеденовтің өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен мәлімет берді. Сондай-ақ ақынның әдеби мұрасын насихаттау мақсатында арнайы кітап көрмелері ұйымдастырылып, оқырмандар назарына Жұмекен Нәжімединовтің өлең жинақтары, поэмалары, прозалық шығармалары мен ол туралы жазылған зерттеу еңбектері ұсынылды. Шара барысында оқырмандар ақынның терең мазмұнды, сыршыл да шыншыл шығармаларымен қайта қауышып, оның поэзиясындағы ұлттық рух пен өмірлік философияға терең бойлады. Кітап көрмесі арқылы Жұмекен Нәжімединовтің бұрын-соңды оқымаған туындыларымен танысып, шы...
Толығырақ... Оқылды: 100 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 16.07.2025

Жетісу облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында «Діннің діңгегі дәстүрмен берік» тақырыбында мәдениет қызметкерлерімен кездесу өтті.

Іс-шараның басты мақсаты — дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттап, қоғамда тұрақтылық пен рухани келісімді нығайту. Шара барысында дәстүрлі діннің ерекшеліктері мен ұлттық салт-дәстүрлердің рухани мәні кеңінен талқыланды. Кітапхана қызметкерлері — ақпаратты кең тарататын сала мамандары ретінде — қоғаммен тығыз жұмыс істейтіндіктен, олардың діни сауаттылығын арттыру маңызды бағыттардың бірі болып саналады. Іс-шара сұрақ-жауап, пікір алмасу форматында жалғасып, қатысушылар дін мен дәстүр жайлы көзқарастарын ортаға салды. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық-танымдық материалдар таратылып, тақырыпқа қатысты кітаптар ұсынылды. «Дін мен дәстүр – ұлттың қос қанаты. Оларды қатар ұстағанда ғана қоғамдық келісім мен рухани тұтастық сақталады», – деді ұйымдастырушылар. Кездесу қорытындысында кітапхана қызметкерлеріне дін саласына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту ұсынылды. Іс-шара рухани ағарту мен деструктивті діни ағымдарғ...
Толығырақ... Оқылды: 102 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.07.2025

Қаракерей Қабанбай батыр 330 жылдығына арналған «Дарабоз батыр – Қаракерей Қабанбай» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

10 шілде күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Қаракерей Қабанбай батыр 330 жылдығына арналған «Дарабоз батыр – Қаракерей Қабанбай» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл құнды еңбек – батыр бабамыздың ерлікке толы өмір жолын жан-жақты танытатын, ел бірлігі мен ұлттық рухтың символына айналған тарихи-танымдық туынды. Кітап – ұлт жадын жаңғыртып, өскелең ұрпаққа үлгі болатын асыл мұра. Шараға Жетісу облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Келемсейіт, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әміре Әрін мен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нүсіпбай Әбдірахым және айтыскер ақын Айтақын Бұлғақов, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен оқырман жұртшылық қатысты. Рухани мұраны кеңінен насихаттауға ниет білдіріп, кітаптың жарық көруіне зор үлес қосқан жинақ құрастырушысы Қалажанов Мақсұт Болатұлы өз тарапынан ел болашағы – жастарға үлгі болсын деген ізгі ниетпен 100 дан...
Толығырақ... Оқылды: 70 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 10.07.2025

6 шілде күні Астана күніне орай «Астана – бейбітшілік бесігі» және Домбыра күніне орай «Домбыра- асыл қазына» атты кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды.

6 шілде күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Астана күніне орай «Астана – бейбітшілік бесігі» және Домбыра күніне орай «Домбыра- асыл қазына» кең көлемді кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аталған іс шараға Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Бершінбеков Рүстем Сағындықұлы қатысты. Көрмеге Сабырова Әлия «Ежелгі дәуір қазақ музыкасы», Сахарбаева Кариман «Дәстүр – күй, дәстүр – даму», Затаевич Александр «500 песен и кюев казахского народа», «Егемен Қазақстан тарихы:Тәуелсіздікке 20 жыл» Тарихи – құжаттық зерттеу, Садуақас Қазиұлы «Астана аймағы» атты кітаптары және тағы да басқа әдебиеттер қойылып оқырман назарына ұсынылды.
Толығырақ... Оқылды: 132 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 08.07.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика