Жаңалықтар

«Абай – қазақтың ұлы тұлғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

12 тамызда кітапханамызда ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай – қазақтың ұлы тұлғасы» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Аталған шараға 5514 әскери бөлімінің қатардағы жауынгерлері қатысып, әр кезеңдегі әдеби туындылары, өлең жинақтары, қара сөздері, сондай-ақ ақынның өмірі мен қызметінен сыр шертетін құнды мәліметтер мен иллюстрациялық материалдар танысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – халқымыздың ұлы перзенті Абай мұрасын кеңінен насихаттап, жастардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, әдебиетке деген қызығушылығын ояту болып табылады.
Толығырақ... Оқылды: 103 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.08.2025

«Абай – дана, Абай – дара» атты кітап көрмесі өтті

Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Талдықорған қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы өкілдерінің қатысуымен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Абай Құнанбайұлының әр кезеңдегі әдеби туындылары, өлең жинақтары, қара сөздері, сондай-ақ ақынның өмірі мен қызметінен сыр шертетін құнды мәліметтер мен иллюстрациялық материалдар қойылды. Бұл танымдық шара барысында қатысушыларға ұлы ойшылдың өмір жолы мен шығармашылығын кеңінен таныстыратын мазмұнды бейнематериал ұсынылды. Сонымен қатар, Абайдың жүректі тербейтін өлеңдері тыңдалды. Әскери бөлімнен келген азаматтар ақын шығармашылығына деген құрметтерін білдіріп, оның бірқатар өлеңдерін жатқа оқыды. Іс-шараның негізгі мақсаты – халқымыздың ұлы перзенті Абай мұрасын кеңінен насихаттап, жастардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, әдебиетке деген қызығушылығын ояту болып табылады.
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 08.08.2025

«Абай – дана,Абай – дара» атты кітап көрмесі өтті

Ұлы ақын, ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай «Абай – дана,Абай – дара» атты кітап көрмесі «Бәйтерек» күндіз болу орталығындағы балаларға таныстырылды . Көрме барысында қатысушыларға Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мазмұнды видеоақпарат ұсынылып, ақынның таңдаулы өлеңдері тыңдатылды. Бұл іс-шара балалардың рухани дүниесін байытып, қазақ әдебиеті мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Көрмеге Абайдың әр жылдары жарық көрген шығармалары, өлеңдер жинақтары, қара сөздері, сондай-ақ өміріне қатысты деректер мен иллюстрациялық материалдар қойылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлы тұлғаның бай мұрасын өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау, әдеби-мәдени танымды арттыру және ерекше балалардың танымдық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Толығырақ... Оқылды: 168 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.08.2025

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі қазақтың ұлы ойшылы, ақыны және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Абай – ұлы ақын» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – ұлт руханиятының шамшырағы болған Абай мұрасын кеңінен насихаттау, оның даналыққа толы шығармалары арқылы оқырман жүрегіне жол табу. Жиын барысында қатысушылар Абай шығармашылығы мен өмір жолы жайлы мол мағлұмат алып, ақынның сөз құдіретіне терең бойлады. Сонымен қатар, шара аясында «Абай жүректерде» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақынның өлеңдер жинақтары, қара сөздері, таңдаулы шығармалары мен Абай туралы жазылған зерттеу еңбектер қойылып, келушілер назарына ұсынылды. Бұл көрме қатысушыларға дана ойшылдың рухани әлеміне үңілуге мүмкіндік берді.
Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 07.08.2025

Қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, философ Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай 10 күндік іс-шаралар легі бастау алды

Осыған орай, 2025 жылғы 1 тамыз күні Жетісу облыстық «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» тәрбиеленушілеріне арнап «Абай – қазақтың ұлы тұлғасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – балаларға Абай мұрасын таныстыру, оның шығармашылығы арқылы ұлттық құндылықтарға деген қызығушылықты арттыру және тұлғалық дамуына ықпал ету болды. Кітап көрмесінде Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығына арналған кітаптар, өлең жинақтары, қара сөздері, ақын туралы жазылған зерттеу еңбектер мен заманауи көркем әдебиеттер қойылды. Шара барысында кітапханашы Айнұр Иманбаева библиографиялық шолу жүргізіп, әрбір кітаптың мазмұны, тарихи маңызы мен тәрбиелік мәні жайлы кеңінен әңгімеледі.
Толығырақ... Оқылды: 49 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.08.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика