Жаңалықтар
«Абай – дана, Абай – дара» атты кітап көрмесі өтті
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Талдықорған қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасы өкілдерінің қатысуымен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге Абай Құнанбайұлының әр кезеңдегі әдеби туындылары, өлең жинақтары, қара сөздері, сондай-ақ ақынның өмірі мен қызметінен сыр шертетін құнды мәліметтер мен иллюстрациялық материалдар қойылды.
Бұл танымдық шара барысында қатысушыларға ұлы ойшылдың өмір жолы мен шығармашылығын кеңінен таныстыратын мазмұнды бейнематериал ұсынылды. Сонымен қатар, Абайдың жүректі тербейтін өлеңдері тыңдалды. Әскери бөлімнен келген азаматтар ақын шығармашылығына деген құрметтерін білдіріп, оның бірқатар өлеңдерін жатқа оқыды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – халқымыздың ұлы перзенті Абай мұрасын кеңінен насихаттап, жастардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру, әдебиетке деген қызығушылығын ояту болып табылады.