Жаңалықтар

Айтыскер ақын Бақтыбай Жолбарысұлының туғанына 190 жыл толуына орай «Айтыс өнерінің ақиығы» атты кітап көрмесі өтті

13 маусым күні Жетісу облысының С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының кітапханашысы Айнұр Иманбаева қаламыздағы №18 орта мектеп оқушыларына айтыскер ақын Бақтыбай Жолбарысұлының 190 жылдық мерейтойына арналған «Айтыс өнерінің ақиығы» атты кітап көрмесін таныстырды. Бақтыбай Жолбарысұлы – Жетісу өңіріндегі поэзия мектебінің көрнекті өкілі. Ол 1842 жылдың маусым айында дүниеге келген. Жеті жасында жетім қалып, біраз жыл Балқаш, Сексеуіл, Шұрық маңындағы нағашыларының қолында тәрбиеленеді. Кейін елге оралып, ауқатты туыстарының малын бағып күн көреді. Ерте жастан-ақ өлеңге бейімділігін танытып, жиын-тойларда суырыпсалма ақын ретінде көзге түсе бастайды. Ақыры, бойындағы табиғи таланты оны жалшылықтан құтқарып, өнер жолына түсуге жетелейді. Ақынның аты Жетісу жұртына кеңінен таралуына себеп болған — атақты Тезек төремен болған айтысы. Төренің абыройынан именбей, оның әлсіздерге көрсеткен озбырлығын батыл әшкерелейді. Бақтыбай ақын шығармаларында әділе...
Толығырақ... Оқылды: 135 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 13.06.2025

Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты апталық шарамыз жалғасуда

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы маусым айында балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты апталық шарамыз жалғасуда. 11 маусым күні қаламыздың Бақтыбай Жолбарыс атындағы №18 орта мектептің жанындағы жазғы демалыс лагерінің демалушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның мақсаты: балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Экскурсия барысында балаларға кітапхана тарихы, ережелері және бөлімдері таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптар мен мерзімді басылым бөліміндегі журналдардың, газеттердің сақталу тәртібі туралы ақпараттар беріліп, оқ...
Толығырақ... Оқылды: 97 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.06.2025

Қазақ әдебиетінің белгілі жазушысы, әдебиет зерттеушісі және сыншысы Жан Ақжановтың «Последние солдаты» атты кітабының онлайн таныстырылымы өтті

5 маусым күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында қазақ әдебиетінің белгілі жазушысы, әдебиет зерттеушісі және сыншысы Жан Ақжановпен онлайн форматта кітап талқылау шарасы өтті. Жан Ақжанов — қазақ әдебиетінің танымал тұлғаларының бірі. Ол өзінің зерттеушілік еңбектерімен қатар, көркем прозада да терең ойлы, өзекті тақырыптарды қозғауымен ерекшеленеді. Оның «Последние солдаты» атты көркем туындысы қазіргі қазақ әдебиетінде соғыс пен адам тағдыры, тарихи жад пен рухани ізденіс мәселелерін терең қозғайтын маңызды шығармалардың бірі болып саналады. Бұл кітапта автор адам жанының терең иірімдерін, соғыс зардабын, рухани күйзеліс пен үміт арасындағы тартысты шебер суреттейді. Онлайн кітап талқылауы барысында қалалық, аудандық кітапхана қызметкерлері белсенді түрде қатысып, авторға түрлі сұрақтар қойып, шығармадағы кейіпкерлердің прототиптері, олардың мінездік ерекшеліктері, туындының жазылу тарихы, шығармашылық шабыт көзі мен жалпы қазі...
Толығырақ... Оқылды: 112 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.06.2025

Орақты Әлшағырұлының туғанына 605 жыл толуына орай «Ұрпағына ұран болған – Орақты батыр» атты облыстық конференциясы өтті

5 маусым күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен батыр баба Орақты Әлшағырұлының туғанына 605 жыл толуына орай «Ұрпағына ұран болған – Орақты батыр» атты облыстық конференция өтті. Қазақстан тарихында ел тәуелсіздігі жолында күрескен батырлардың орны ерекше. Солардың бірі – Орақты батыр Әлшағырұлы. Ол 1420 жылы Қазақстанның оңтүстік аймағында дүниеге келген және шамамен 40 жыл басқарған Әбілқайыр ханның бас қолбасшыларының бірі болған. Ол тек әскери қолбасшы ғана емес, елді бірлікке үндеген, әділеттілікті ту еткен ұлы тұлға. Облыстық конференцияға Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сүлейменов, Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері, қаламгер Наурыз Қылышбаев, Қазақстанның құрметті профессоры, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ғалым, түркітанушы, қаламгер Зәріпбай Оразбай, «Жалайыр Орақты батыр» қоғамдық қорының төрағасы Болысбай Момбаев, жазушы...
Толығырақ... Оқылды: 137 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.06.2025

Толығырақ... Оқылды: 62 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.06.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика