Жаңалықтар

Журналист, жазушы, публицист, аудармашы, қоғам қайраткері Бигелді Қайырдосұлы Ғабдуллиннің 70 жасқа толуына орай «Қалам – тағдыр, шындық – мұрат» атты кездесу кеші өтті.

20 мамыр күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Тіл» оқу әдістемелік орталығында журналист, жазушы, пусблицист, аудармашы, қоғам қайраткері Бигелді Қайырдосұлы Ғабдуллиннің 70 жасқа толуына арналған «Қалам – тағдыр, шындық – мұрат» атты кездесу кеші өтті. Кештің шымылдығын Жетісу облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы Абибеков Бауыржан Бақытұлы ашып, мерейтой иесінің ел мен ұлт руханияты жолындағы еселі еңбегін ерекше атап өтті. Бигелді Қайырдосұлының журналистика мен әдебиеттегі, қоғамдық өмірдегі парасатты жолы жас ұрпаққа үлгі екенін тебірене жеткізді. Кеш аясында сөз алған Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Әміре Әрін де қалам иесінің ел руханиятына қосқан өлшеусіз үлесін толғана сөз етті. Ол Бигелді Қайырдосұлының шығармашылығындағы шындық пен әділет жолындағы табандылығын, ұлттық мүддеге деген адалдығын жоғары бағалап, бұл...
Толығырақ... Оқылды: 93 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.05.2025

Мырзахметұлы Мекемтастың туғанына 95 жыл толуына орай «Абайтанушы – Мекемтас Мырзахметұлы» атты тарихи сағат

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімі Қазақ соқырлар қоғамы қоғамдық бірлестігінің клубында абайтанушы, филология ғылымының докторы, профессор Мырзахметұлы Мекемтастың туғанына 95 жыл толуына орай «Абайтанушы – Мекемтас Мырзахметұлы» атты тарихи сағат өткізді. Шара барысында Мекемтас Мырзахметұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы баяндама оқылды. Онда ғалымның «Абай және Шығыс», «Абай философиясы», «Қазақ қалай орыстандырылды», «Абай және ұлттық рух» сияқты еңбектері кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, Абай мұрасын зерттеудегі ғылыми көзқарастары мен ұлттық идеяны қалыптастыру жолындағы еңбектері де қамтылды. Шараға үстел үстінде ойналатын ойындармен айналысатын зағип спортшылар қатысты. Қатысушылар Мекемтас Мырзахметұлы туралы тың ақпараттар алып, ғалымның Абай шығармашылығын терең зерттеудегі орны туралы мағлұматпен танысты. Іс-шара...
Толығырақ... Оқылды: 85 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 14.05.2025

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап – 2025» акциясы аясында жылжымалы кітап көрмесі өтті.

Қазақстанда «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылдан бастап, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттықакадемиялық кітапханасы мен Қазақстан Республикасының кітапханалыққауымдастығының ұйымдастыруымен өткізіліп келе жатқан үлкен жоба. Республикалық акцияның мақсаты – қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге мүмкіндік туғызу, өскелең ұрпақтың зияткерлік-рухани дамуы мен ана тіліне деген құрметін көтеру. 2007 жылы Ұлы Абайдың қарасөзін оқудан бастаған акция бүгінде қазақ әдебиетінің ең таңдаулы 51 классик ақын-жазушысының үздік шығармаларын оқырман қауымға ұсынып, насихаттап келеді. Жобаны жалғастыру мақсатында 12 мамыр күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен №1 Абай атындағы орта-мектеп лицейінің фойесінде «Бір ел – бір кітап – 2025» акциясы аясында жылжымалы кітап көрмесі өтті. Мектеп о...
Толығырақ... Оқылды: 105 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.05.2025

9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс - ерлік пен даңқтың мәңгілік мұрасы» атты кең көлемді апталық кітап көрмесі өтті.

9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс - ерлік пен даңқтың мәңгілік мұрасы» атты кең көлемді апталық кітап көрмесі өтті. 8 мамыр күні Сәкен Сейфцллин атындағы орталық кітапханасында 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс - ерлік пен даңқтың мәңгілік мұрасы» атты кең көлемді апталық кітап көрмесі өтті. Көрменің мақсаты – келешек ұрпаққа Жеңіс күнінің тарихи маңызын жеткізу, соғыс жылдарындағы халықтың жанқиярлық ерлігі мен отансүйгіштік рухын насихаттау, сондай-ақ Отан үшін жанын қиған жауынгерлердің есімін ұлықтап, олардың ерліктерін ұмытпай, мәңгі есте сақтау. Көрмеге Талдықорған қаласының №13орта мектеп, №17 орта мектеп, Б.Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп оқушылары мен "Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Алматы Облысының және Жетісу Облысының Мамандандырылған Күзет Қызметі Басқармасы" Мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, Кітапханашылар А.Жұмабекова, Қ.Садыр...
Толығырақ... Оқылды: 123 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 08.05.2025

«Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» облыстық байқауы өтті

6 мамыр күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға» атты облыстық байқауы өтті. Бұл байқаудың басты мақсаты – ұлт намысы мен рухын оятқан тұлғаны таныту, оның ерлігін, еңбегін ұрпақтар арасындағы рухани байланыс ретінде дәріптеу. Бауыржан Момышұлының батырлығын, тұлғалық қасиеттерін еске алып, оны бүгінгі жастарға үлгі ету. Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының туғанына биыл 115 жыл толып отыр. Кітапханамызда алғашқы рет ұйымдастырылған бұл байқау ІІІ кезеңнен тұрды: I кезең «Томаға киген тау бүркіт» бағыты бойынша қатысушылар Б. Момышұлының өлеңдерін жатқа оқыды II кезең Оқылған шығармалардан қысқа көрініс қою III кезең «Дұрыс жауап» батырдың өмірінен және шығармашылығынан әр қатысушыға 5 сұрақтан қойылды. Байқауға Баймендинова Мадина - С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының директорның оры...
Толығырақ... Оқылды: 115 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 06.05.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика