Жаңалықтар

«Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты апталық шарамыз бастау алды

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы маусым айында балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты апталық шарамыз бастау алды. 4 маусым күні қаламыздың Абай атындағы №1 орта мектептің жанындағы жазғы демалыс лагерінің демалушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында балаларға кітапхана тарихы, ережелері және бөлімдері таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптар мен мерзімді басылым бөліміндегі журналдардың, газеттердің сақталу тәртібі туралы ақпараттар беріліп, оқырмандардың жас ерекшеліктерін ескере отыра «Ертегілер елінде», «Әлем балалар әдебиетінің қазынасы», «Ең ақылды кітаптар» атты сериялармен шығатын ең қызықты деп танылған ертегілер, танымдық әдебиеттер, сондай-ақ балалард...
Толығырақ... Оқылды: 86 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.06.2025

«Көк байрағым жасасын» атты танымдық сағат

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана бөлімінде. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Көк байрағым жасасын» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар еліміздің Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны туралы тың мәліметтерге қанықты. Мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен мән-маңызы жайлы еркін әңгіме өрбіді. Көпшілік өз ойларын ортаға салып, рәміздерге деген құрметін білдірді. Жиналған қауым үшін бұл күн жай ғана танымдық сағат емес, елдікке деген мақтаныш сезімді ұялатқан ерекше сәт болды. Көк байрағымыз желбіреп тұрғанда, жүрегіміз де ел деп соға бермек!
Толығырақ... Оқылды: 82 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.06.2025

4 маусым - ҚР Мемлекеттік Рәміздер күніне орай «Егемен елдің мәңгілік символы» атты ашық аспан астында кітап көрмесімен таныстыру өтті

2025 жылғы 4 маусым күні – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Егемен елдің мәңгілік символы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Абай атындағы №1 орта мектептің 5 сынып оқушылары мен жетекшісі мемлекеттік әнұранымызды орындап, еліміздің рәміздеріне деген құрметтерін көрсетті. Мемлекеттік рәміздер туралы қысқаша ақпарат беріліп, олардың тарихы мен маңыздылығы жайлы айтылды. Сондай-ақ, кітапханашы Айым Жұмабекова Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектебіне арнайы барып, «Егемен елдің мәңгілік символы» атты ашық аспан астындағы жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырып, көрмеде ұсынылған әдебиеттермен оқушыларды таныстырды. Көрмеге Қазақстан Республикасының рәміздеріне арналған кітаптар, буклеттер, суреттер және танымдық материалдар қойылды. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді ояту, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және Тәуелсіз Қазақст...
Толығырақ... Оқылды: 97 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.06.2025

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тар жол тайғақ кешкен» атты ашық аспан астында кітап көрмесі өтті.

30 мамыр күні С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тар жол тайғақ кешкен» атты ашық аспан астында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – жастардың санасына, келешек ұрпаққа дәуірдің қайшылықты болмысын жеткізу, қиыншылыққа ұшыраған адамдардың рухани төзімділікпен ертеңгі күнге деген сенімділігін ұғындыру. Өздері іргетасын қалаған қоғамның бет-бейнесін ашу. Көрмеге «Алаш қозғалысы», «Жетісулық Алаш зиялылары», «Жетісудағы Алаш мектебі», «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның материалдары 20 ғасырдың 20-50 жылдары» кітабы, «Алашорда ісі» көп томдық кітабы және т.б.кітаптар қойылды. Оқырмандар көрмеге қойылған кітаптардағы деректермен танысып, өз ойларын білдірді.
Толығырақ... Оқылды: 193 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.05.2025

«Өзекті өртер шындық» тарихи сағат өтті.

30 мамыр күні 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Өзекті өртер шындық» атты тарихи сағат өткізілді. Іс-шара Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған кітапхана бөлімінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен Қазақ соқырлар қоғамы қоғамдық бірлестігінің клубында өтті. Шара барысында қатысушыларға кітапханашы Айнаш Райқұлқызы 1930–1950 жылдар аралығындағы жаппай қуғын-сүргіннің себеп-салдары, жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының тағдыры туралы тарихи деректер ұсынды. Ашаршылық жылдарындағы халық басынан өткерген ауыр жағдайлар, соның ішінде миллиондаған адамның қаза табуы мен босқыншылыққа ұшырауы туралы нақты мәліметтер келтірілді. Қуғын-сүргін мен ашаршылық тақырыбына арналған әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылып, Алаш арыстары мен сол кезеңнің құрбандары туралы шығармалар таныстырылды. Шара соңында қатысушылар бір минут үнсіздік жариялап, жазықсыз жапа шеккен боздақтардың...
Толығырақ... Оқылды: 87 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.05.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика