Жаңалықтар

«Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты айлық шарамыз жалғасуда

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы маусым айында балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты айлық шарамыз жалғасуда. 25 маусым күні қаламыздың Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясының жанындағы жазғы демалыс лагерінің 3-4 сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның мақсаты: балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Толығырақ... Оқылды: 84 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.06.2025

23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай «Мемлекеттік қызмет – елге сіңген еңбек» атты кітап көрмесі өтті

23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мемлекеттік қызмет - елге сіңген еңбек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызды рөлін насихаттау, мемлекеттік қызметкерлердің еңбегіне құрмет көрсету, сондай-ақ өскелең ұрпақты патриоттыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу. Көрмеге мемлекеттік қызметтің қалыптасу тарихы мен дамуына қатысты әдебиеттер, еліміздің мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты ғылыми-танымдық еңбектер, сондай-ақ мемлекеттік қызметпен қатар шығармашылықпен айналысып жүрген қаламгерлердің кітаптары қойылды. Бұл кітаптарда мемлекет ісіне адал қызмет етіп жүрген тұлғалардың өмір жолы мен кәсіби тәжірибесі баяндалған. Мемлекеттік қызметшілердің өнегелі өмір жолын жастарға үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған бұл көрме жас буынның бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға және ел болашағына бейжай қарамайтын азамат қалыптастыруға бағытталған. Шара барысында оқушылар мен ұстаздарға мемл...
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.06.2025

«Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты айлық шарамыз жалғасуда

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы маусым айында балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында «Балғын балалар - біздің болашағымыз» атты айлық шарамыз жалғасуда. 19 маусым күні қаламыздың №12 орта мектеп гимназиясының жанындағы жазғы демалыс лагерінің 3-4 сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияның мақсаты: балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы етіп өткізуге, жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуға ықпал етуге, дүниетанымын кеңейтуге және оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау. Экскурсия барысында балаларға кітапхана тарихы, ережелері және бөлімдері таныстырылды. Сонымен қатар, кітаптар мен мерзімді басылым бөліміндегі журналдардың, газеттердің сақталу тәртібі туралы ақпараттар беріліп, оқырмандардың...
Толығырақ... Оқылды: 79 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.06.2025

«Терроризмге қарсы күрес туралы» виртуалды көрме

Назарларыңызға «Терроризмге қарсы күрес туралы» виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз. Экстремизм мен терроризммен күрес бүгінгі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бір ғана адам немесе топ қана айналысатын дүние емес, қоғам болып ат салысатын күрделі мәселе. Жыл сайын террористік топтардың саны артып келеді. Өскелең жас ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауатын ашып, дәстүрлі дінімізбен сусындатып, ұлттық құндылықтарды бойларына сіңдіре алып қана түбегейлі діни экстремизмнің де, терроризмнің де тамырына балта шаба аламыз. Көрмеге «Экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудегі дәстүрлі діндердің ролі», «Терроризм: шындық пен шырғалаң», «Ислам экстремизм мен лаңкестікке қарсы», «У терроризма нет лица», «Терроризм любимое детище ЦРУ» т.б. кітаптар қойылды.
Толығырақ... Оқылды: 148 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.06.2025

«Әбу Насыр әл-Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы» атты тұлғатану сағаты

Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1155 жыл толуына орай Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Әбу Насыр әл-Фараби – шығыстың ғұлама ғалымы» атты тұлғатану сағаты өтті. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері ұлы ғалымның өмір жолы мен ғылымдағы орнын таныстырып, философия, математика, музыка, логика сияқты түрлі салалардағы еңбектері жайында кеңінен баяндады. Оқырмандар Әл-Фарабидің адамзат өркениетіне қосқан үлесі, ғылыми ой-тұжырымдары және оның «Екінші ұстаз» атануының мәні туралы мол мағлұмат алды. Шараға бөлімнің тұрақты оқырмандары қатысты. Қатысушылар іс-шарадан рухани әсер алып, ғалымның даналығы мен білімге деген құштарлығын ерекше ықыласпен қабылдады.
Толығырақ... Оқылды: 108 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 17.06.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика