Жаңалықтар

23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай «Мемлекеттік қызмет – елге сіңген еңбек» атты кітап көрмесі өтті

23 маусым – Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай «Мемлекеттік қызмет – елге сіңген еңбек» атты кітап көрмесі өтті
Уақыты: 23.06.2025
Оқылды: 53

23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мемлекеттік қызмет - елге сіңген еңбек» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

      Шараның мақсаты – мемлекеттік қызметтің қоғамдағы маңызды рөлін насихаттау, мемлекеттік қызметкерлердің еңбегіне құрмет көрсету, сондай-ақ өскелең ұрпақты патриоттыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

      Көрмеге мемлекеттік қызметтің қалыптасу тарихы мен дамуына қатысты әдебиеттер, еліміздің мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты ғылыми-танымдық еңбектер, сондай-ақ мемлекеттік қызметпен қатар шығармашылықпен айналысып жүрген қаламгерлердің кітаптары қойылды. Бұл кітаптарда мемлекет ісіне адал қызмет етіп жүрген тұлғалардың өмір жолы мен кәсіби тәжірибесі баяндалған.

      Мемлекеттік қызметшілердің өнегелі өмір жолын жастарға үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған бұл көрме жас буынның бойында Отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға және ел болашағына бейжай қарамайтын азамат қалыптастыруға бағытталған.    

      Шара барысында оқушылар мен ұстаздарға мемлекеттік қызметтің маңызы, оның қоғам дамуына қосатын үлесі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қойылған кітаптар туралы мәлімет берілді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика