Жаңалықтар

«Домбыра қолымда , шабытым шарқ ұрса» атты онлайн жыр кеші

Ұлттық домбыра күніне орай Павлодар облыстық арнайы кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Домбыра қолымда, шабытым шарқ ұрса» атты республикалық онлайн әдеби-музыкалық сазды кешке кітапханамыздың белсенді оқырманы Арғын Нұрдана қатысып, өз өнерін кең аудиторияға паш етті. Ол бұл шарада Қазақстанның белгілі композиторы, халық артисі Алтынбек Қоразбаевтың жүректі тербейтін туындысы «Әгугәй, домбыра» әнін орындап, көрермендердің ықыласына бөленді. Нұрдананың орындауы ұлттық аспап – домбыраның қадір-қасиетін тереңнен сезіндіретін сыршыл әуенмен үндесіп, қазақтың төл өнеріне деген сүйіспеншілікті айшықтай түсті. Мұндай шығармашылық шаралар жас ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіріп, өнерге деген ынтасын арттыратыны сөзсіз. Арғын Нұрданаға алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз!
Толығырақ... Оқылды: 80 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.07.2025

Ұлттық домбыра күніне орай«Бабамыздың үнісің сен - домбыра» атты кітап көрмесі өтті

Көрмеге қазақ күйлерінің шығу тарихы, қазақ халқының музыкалық мәдениетінің дамуына үлкен ықпал еткен ұлы домбырашылар, күйшілік дәстүр, домбыра өнерін үйрену, күйлер мен әндердің домбыраға арналған ноталары туралы әдебиеттер оқырман назарына ұсынылды. Кітап көрмесінде қазақ халқының ұлы күйшісі, сазгер және ұлттық аспаптық музыкасының классигі Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған ғылыми зерттеулер мен әдеби танымдық шығармалар таныстырылды. Олардың арасында екі тілде жарық көрген кітаптар да болды. Сонымен қатар, күйші Дина Нұрпейісова, қазақтың әйгілі халық ақыны Кенен Әзербаев және күйші-композитор Төлеген Момбековтың өмірі мен шығармаларына қатысты естеліктер мен шығармалары көрсетілді. Бұл кітаптарда олардың өнері мен шығармашылығына арналған библиографиялық шолу жасалды.
Толығырақ... Оқылды: 49 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 01.07.2025

«Домбыра – қазақтың жаны» атты жыр кеші

1 шілде – Ұлттық Домбыра күніне орай Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Домбыра – қазақтың жаны» атты жыр кеші ұйымдастырылды. Шара барысында домбыраның қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі, салт-дәстүрі мен өнеріндегі маңызы жайында жан-жақты мәліметтер ұсынылды. Қазақтың дәстүрлі күй өнері мен атақты күйшілердің шығармашылығы туралы тарихи деректер айтылып, қатысушылар ұлттық өнердің терең мәніне тағы бір мәрте көз жеткізді. Кешке қатысушылар өзара пікір алмасып, домбыра туралы әсерлі естеліктерімен бөлісті. Шараны ерекше әсерге бөлеген сәт – бөлімнің тұрақты оқырманы, ақын Гүльнара Тұрсынбайқызының домбыраға арнап жазған «Домбырам» атты авторлық өлеңін тебірене оқуы болды. Ақынның жүрек тербеген жыр жолдары қатысушлардың ыстық ықыласына бөленіп, кештің рухани мазмұнын тереңдете түсті.
Толығырақ... Оқылды: 75 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.06.2025

26 маусым – Халықаралақ нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай «Нашақорлыққа жол жоқ» атты кітап көрмесі өтті

26 маусым – Халықаралақ нашақорлыққа қарсы күрес күні «Біз есірткіге қарсымыз» атты облыстық акциясы Жетісу облысының әкімшілігінің басшылығымен Жетісу облысы Полиция Департаментінің ұйымдастыруымен «Жастар» паркінде жастар акциясы өтті. Акция мақсаты есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыру. жасөспірімдердің бос уақытын қоғамдық құнды ынталары мен бейімділіктерін арттыруға ерекше көңіл бөлу болып табылады. Аталған шараға Жетісу облыстық Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы тарапынан «Нашақорлыққа жол жоқ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Әлия Субханбердинаның «Есірткі – қазіргі заманкеселі», Михаил Буяновтың «Размышление о наркомании», «Апатқа апарар үш індет» темекі, арақ, есірткінің адам өміріне қауіптілігі жайлы кітабы, Михаил Рожков пен Марина Ковальчуктың «Профилактика наркомании», Маркс Гонопольскийдің «Себя преодолеть» атты кітаптары жә...
Толығырақ... Оқылды: 110 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.06.2025

26 маусым – Халықаралық есірткі және есірткі саудасымен күрес» күніне арналған «Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама» атты видеоақпарат өтті

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «26 маусым – Халықаралық есірткі және есірткі саудасымен күрес» күніне арналған «Ертеңіңді ойласаң – есірткіге жолама» атты видеоақпараты өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, жастарды нашақорлықтың зиянды әсерінен сақтандыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Шара барысында «Ең қауіпті 10 улы наркотик» атты бейнематериал көрсетіліп, қатысушыларға әртүрлі есірткі заттарының адам ағзасына тигізетін зияны туралы нақты деректер ұсынылды. Сонымен қатар, «Нашақорлық – ғасыр дерті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге библиографиялық шолу жасалды. Қатысушылар нашақорлықтың медициналық, әлеуметтік және құқықтық салдары жайында құнды әдебиеттермен танысты. «Талдықорған қалалық емханасының әлеуметтік бөлімінің жұмысын ұйымдастырушысы» Алина Шарипбаева «Психотропты заттар&ra...
Толығырақ... Оқылды: 58 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.06.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика