Жаңалықтар

Kitap time жалпы республикалық фестивалі өтеді

Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітап пен білімге толы ерекше сәт – KITAP TIME-ға шақырамыз! Өтетін уақыты: 24 құркүйек, 11:00. Өтетін орны: Назарбаев даңғылы, 91/99 Келіңіздер, бірге оқып, ой бөлісіп, рухани әлемімізді байытайық!
Толығырақ... Оқылды: 102 Санат: Афиша Уақыты: 22.09.2025

«Кітап оқу көшбасшысы-2025» облыстық байқауы өтті.

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен қазақ балалар әдебиетін кеңінен насихаттау, оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында Жетісу облысы кітапханалары арасында «Кітап оқу көшбасшысы-2025» облыстық байқауы өтті. Байқауға көркем сөз оқу шеберлігін игерген 12-13 жас аралығындағы аудан, қала мектептерінің 13 оқушысы қатысып бақ сынасты. Байқау үш кезеңнен тұрды. І кезеңде қазылар алқасы Жетісу табиғатына байланысты 10 сөз кездесетін қысқаша шығарма немесе эссе жазу. ІІ кезеңде шығармалардан екі үзіндіден беріледі, сол үзінді қай шығармадан екенін табады. ІІІ кезеңде «Сұрақтар керуені» тапсырмасында 10 автордың шығармаларынан жасырын ұяшықты таңдау арқылы 5 сұрақтан қойылды. Байқауға жетісулық ақын-жазушылар, журналистер Есболат Айдабосын, Мәди Алжанбай, Айдын Кәлімхан, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ана...
Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 16.09.2025

Көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Жұмахан Балапановтың туғанына 105 жыл толуына орай «Ел іші – алтын бесік» атты танымдық сағат өткізілді.

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Жұмахан Балапановтың туғанына 105 жыл толуына орай «Ел іші – алтын бесік» атты танымдық сағат өткізілді. Шара барысында қатысушыларға Жұмахан Балапановтың балалық шағы, соғыс жылдарындағы ерлігі, бейбіт кезеңде ел дамуына қосқан еңбектері туралы кеңірек мәлімет берілді. Ғалымның ауыл шаруашылығы экономикасын жетілдірудегі ғылыми жаңалықтары, профессорлық қызметі, шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі жайында деректер айтылды. Сонымен қатар, танымдық сағатқа қатысушылар тұлғаның ел үшін атқарған қызметіне, жазған еңбектеріне тоқталып, естеліктерімен бөлісті. Жиын жылы пікірлерге толы болып, ғалымның өнегелі өмір жолы тағы бір мәрте кеңінен насихатталды.
Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.09.2025

Отбасы күніне орай «Отбасым – бақытым» атты отбасылық сайыс өтті.

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай рухани мәні зор іс-шара – «Отбасым – бақытым» атты отбасылық сайыс өтті. Байқаудың басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластықты арттыру, ұлттық дәстүрді жаңғыртып, жас ұрпақтың бойына мейірім мен парасат дәнін себу болды. Сайыс 4 кезеңнен тұрды: 1-кезең: «Таныстыру» – отбасы мүшелерінің шығармашылық бейнесін ашып көрсету. 2-кезең: «Білгіштер сайысы» – ой-өрісті дамытуға бағытталған сұрақ-жауап кезеңі. 3-кезең: «Отбасылық өнер» – өнер арқылы талант пен шығармашылықты паш ету. 4-кезең: «Отбасылық дастархан – бірліктің бастауы» – ұлттық тағамдар мен ас мәзірі арқылы шаңырақ берекесін таныту. Байқауға 3 отбасы қатысып, әрқайсысы өздерінің өнерін, ұйымшылдығын, білімін және бірлігін көрсете білді. Қатысушылардың барлығы ерекше дайындықпе...
Толығырақ... Оқылды: 83 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.09.2025

5 қыркүйек - Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл-татулық тірегі» атты ақпарат сағаты өтті

5 қыркүйек-Қазақстан халқының тілдері күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Тіл-татулық тірегі» атты ақпарат сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін дәріптеу, қазақ тілінің қоғамдағы орны мен рөлін түсіндіру, көпұлтты Қазақстан халқы арасындағы бірлік пен татулықтың басты тірегі – тіл екенін насихаттау болды. Шараны кітапханашы Сағымбай Алуа «Тіл тағдыры-ел тағдыры» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізіліп, «Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы» негізгі Заң актілері, Бағдан Момынова «Қазақ әдеби тілінің тарихы», қоғам қайраткері Асылы Османның «Тіл тәуелсіздігі – ел болашағы» кітабы, сондай-ақ анықтамалық сөздіктер, мемлекеттік тілді дамыту, насихаттау және оқыту әдістемесі бойынша кітаптарды оқырмандар назарына ұсынды. Шара барысында тілге байланысты мақал-мәтелдер айтылды, оқушыларға арналған викториналық сұрақтар қойылып, №2 арнайы...
Толығырақ... Оқылды: 102 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.09.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика