2025 жылдың 3 қазан күні, сағат 11:00-де Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Әнуар Әлімжановтың туғанына 95 жыл толуына орай «Әлем таныған Әнуар Әлімжанов» атты еске алу кеші өтті.
Бұл тағылымды шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, әнуартанушылар, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты. Кеш аясында жазушының бай мұрасын насихаттау мақсатында «Ұлтын сүйген Әнуар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге кітапхана қорындағы қаламгердің еңбектері, мерзімді басылымдардағы мақалалар мен естеліктер қойылды.
Іс-шара барысында Алматы қаласынан арнайы онлайн байланысқа шыққан филология ғылымдарының докторы, прозашы, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, әнуартанушы Кәкен Қамзин қаламгердің көркем мұрасы мен қоғамдық еңбектерінің тарихи маңызына тоқталып, терең мазмұнды сөз қозғады.
Сонымен қатар жазушы, Түркі тілдес халықтар әдеби қауымдастығының...
|