Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында ақын, жазушы, әдебиет сыншысы Жұмекен Нәжімеденов пен ақын, жазушы, аудармашы Тәкен Әлімқұловтың шығармаларын насихаттау мақсатында «Бір дәуірдің қос үні» атты облыстық байқау өтті. Жарысқа 14–15 жас аралығындағы аудан және қала мектептерінен 10 өтінім түсіп, 7 оқушы қатысып бақ сынасты. Байқау үш кезеңнен тұрды:
I кезең – «Дұрыс жауап».
Бұл кезеңде қатысушыларға қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары Жұмекен Нәжімеденов пен Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар қойылды.
Жұмекен Нәжімеденовтің «Темірқазық», «Ұрпағым, саған айтам» кітаптарынан, ал Тәкен Әлімқұловтың «Кертолғау», «Қаратау өрнектері», «Замана екпіні» шығармаларынан әр қатысушыға 5 сұрақтан қойылды.
II кезең – «Жыр эстафетасы».
Қатысушылар Жұмекен Нәжімеденовтің &la...
|