Жаңалықтар

«Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Кітапхана after dark: блогермен кездесу» кеші өтті.

29 қаңтарда «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Кітапхана after dark: блогермен кездесу» кеші өтті. Кездесу кешінің құрметті қонақтары ретінде қаламызға танымал блогер, СММ, контентмейкер, мобилограф Дәулет Талшын, блогер, «Үздік келін» жобасының авторы, келіндер психологы Әлімжанова Арай және блогер, бизнесвумен, инста-блогер, инста-модель, "Өзіңді қайта сүй" реалити жобасының авторы Шадиева Наргиз қатысып, өз өмір жолдары, шығармашылық ізденістері мен кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Шара барысында «Әр блогер — бір хикая» атты еркін форматтағы сұхбат ұйымдастырылып, оқырмандар қонақтарға блог жүргізудің қыр-сыры, жеке бренд қалыптастыру, өзін табу, мотивация мен жауапкершілік жайында көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Блогерлер шынайы әңгіме өрбітіп, өмірлік тәжірибеден туған пайдалы кеңестерімен бөлісіп, жастарға ой салды. Кештің көркін айшықтаған әсерлі сәттердің бірі — өнер жолына енді ғана қадам басқан ж...
Толығырақ... Оқылды: 67 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.01.2026

Қоғам қайраткері Алаш зиялыларының бірі, публицист, Барлыбек Сырттановтың туғанына 160 жыл толуына орай «Дәуір данасы» атты ақпарат сағаты өтті.

27 қаңтарда қоғам қайраткері, Алаш зиялыларының бірі, публицист, Барлыбек Сырттановтың туғанына 160 жыл толуына орай «Дәуір данасы» атты ақпарат сағаты өтті. Аталмыш шарада өлкетанушы Жемісбек Толымбеков сөз алып, «Барлыбек туралы бір үзік сыр» тақырыбында қоғам қайраткерінің өмірі мен қоғамдық істеріне кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, Мұхамеджан Тынышбайұлы атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейінің редакторы Қалқаман Абдрахманұлы «Алаш ұлттық идеясының қалыптасуында Барлыбек Сыртановтың қоғамдық- саяси көзқарасы» тақырыбында сөз қозғады. Жиында оқырмандар назарына «Барлыбек Сырттанов – тарихтағы тағылымды тұлға» атты бейне-ролик ұсынылып, «Барлыбек Сырттанов – Тәуелсіз Қазақстанның Конституция негізін қалаушы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Шара соңында «Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектебінің» оқушыларына тақырып төңірегінде сұрақтар беріліп, еркін әңгіме жүргізілді. Белс...
Толығырақ... Оқылды: 136 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.01.2026

«Сыбайлас жемқорлық және әділдік» тақырыбында ақпараттық сағат

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Сыбайлас жемқорлық және әділдік» тақырыбында ақпараттық сағат ұйымдастырылды. Ақпараттық сағат барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін кері әсері, оның алдын алу жолдары және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі талаптары түсіндірілді. Ақпарат қатысушыларға қолжетімді форматта, ауызша баяндау арқылы жеткізілді. Іс-шара кезінде адал еңбек ету, әділ шешім қабылдау және заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды
Толығырақ... Оқылды: 76 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 23.01.2026

«Қазақ білімінің шамшырағы» атты әдеби ринг сағаты өтті.

20 қаңтар күні ағартушы, педагог, жазушы, этнограф Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Қазақ білімінің шамшырағы» атты әдеби ринг сағаты өтті. Оқырмандарға ұлы ағартушының өнегелі өмірі мен рухани мұралары таныстырылды. Шара аясында «Ыбырай жолы-білім мен ізгіліктің жолы» атты бейнеролик көрсетіліп, «Ұлт рухын оятқан ағартушы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды. Шараға Талдықорған қаласындағы №27 орта мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушылары белсене қатысып, ұлы ағартушының өлеңдері мен шығармаларынан тағылымды үзінділер оқылды. Сонымен қатар оқушылар арнайы ұяшықтарды таңдау арқылы викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен зерделіліктерін сынға салды. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа Ыбырай Алтынсариннің рухани мұрасын кеңінен насихаттау, отаншылдық сезім мен білімге деген құштарлықты қалыптастыру болды.
Толығырақ... Оқылды: 99 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 20.01.2026

«Өз құқығыңды біл – өзіңді қорға» атты тренинг сабақ өткізді

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде кітапханашы зағип оқырмандар арасында «Өз құқығыңды біл – өзіңді қорға» атты тренинг сабақ өтті. Тренинг барысында кітапханашы Қапанов Қуаныш зағип жандардың құқықтары туралы жан-жақты ақпарат беріп, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударды. Сонымен қатар іс-шара аясында құқық тақырыбындағы кітаптар таныстырылып, заңдар мен азаматтардың құқықтары туралы әдебиеттерге шолу жасалды. Оқырмандар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, күнделікті өмірде өз құқықтарын қорғау жолдары жөнінде пайдалы мәлімет алды. Іс-шара зағип оқырмандардың құқықтық білімін кеңейтуге бағытталды.
Толығырақ... Оқылды: 107 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 16.01.2026
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика