Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақстан Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалымен бірлесіп, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Жыр мен гүл» атты еркін форматтағы поэзиялық кеш өтті.
Шара аясында кітапхана қорынан «Ана – мәңгілік шырақ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге ана тақырыбын арқау еткен көркем шығармалар, ақын-жазушылардың өлеңдері мен әдеби туындылары қойылды. Көрме оқырмандарды ана қадірін ұлықтайтын әдебиеттермен таныстырып, әдеби мұраның мәнін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Кеш барысында модератор әдебиет пен поэзияның өмірдегі маңызын атап өтіп, ақын Төлеген Айбергеновтің ана тақырыбына арналған әсерлі жыр жолдарын оқып, жиынның мазмұнын аша түсті.
Мерекелік кешке Жетісу өңірінің белгілі ақын-жазушылары мен қаламгерлері қатысты. Олардың қатарында жазушы-драматург, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Лидия Егембердиева, жазушы Нұрилә Бектемірова...
|