Жаңалықтар

«Жамбыл жыры - елдің үні,ердің рухы» әдеби сазды кеші өтеді

27 ақпан сағат 11:00 де С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында ақынғ жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Жамбыл жыры - елдің үні,ердің рухы» әдеби сазды кеші өтеді
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: Афиша Уақыты: 25.02.2026

Көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Барыс» орденінің иегері, «Бибі-Ана» қайырымдылық қорының президенті Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабы таныстырылымы туралы мәл

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 17 ақпан күні көрнекті жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Барыс» орденінің иегері, «Бибі-Ана» қайырымдылық қорының президенті Бибігүл Иманғазинаның «Бибі-Сана» кітабының таныстырылымы өтті. Шараға зиялы қауым өкілдері мен Талдықорған қаласындағы түрлі орталықтар басшылары қатысты. Көпшілік қауымға «Әйел әлемі» атты бейнеролик көрсетіліп, «Әйел әлемін ашқан қалам» кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. Кешті жүргізуші кітапханашы Шегенова Гулнар Қахарманқызы бастап рухани мұралардың қатарын толықтырған, қазақ әдебиетінің қоржынына тарихи-деректік құндылығы жоғары «Бибі-Сана» романын жазудағы сезім мен сүйіспеншілікке баулитын мазмұны терең әрі тартымды жазылған жазушының үлкен еңбегіне тоқталды. Бүгінде халқының ардақты да...
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 18.02.2026

«Заңды білу – сенімді қадам» атты танымдық сағат

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Заңды білу – сенімді қадам» атты танымдық сағат өтті. Шара барысында оқырмандарға Қазақстан Республикасының негізгі заңдары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтары туралы кеңінен ақпарат берілді. Бұдан бөлек, күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық жағдайлар жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңды білу әр азаматтың сенімді қадамы екені атап өтілді. Қосымша құқықтық тақырыптағы кітаптар таныстырылып, заңға қатысты әдебиеттерге шолу жасалды.
Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 16.02.2026

Ауыл академиясы» – жыр мен жүректің кеші

С. Сейфуллин атындағы Жетісу облыстық орталық кітапханасында жетісулық жас ақын, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби шеберлік мектебінің түлегі, облыстық «Жетісу» газетінің тілшісі, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы Санжар Сұлтанғазының «Ауыл академиясы» атты поэзиялық кеші жоғары деңгейде өтті. Шам жарығымен көмкерілген тыныш әрі сырлы атмосферада ұйымдастырылған бұл әдеби кеш поэзиясүйер қауымға ерекше рухани әсер сыйлады. Кеш барысында ақынның «Апа сен болмасаң...» атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтіп, әдеби орта өкілдері мен зиялы қауым ізгі тілектерін білдірді. Шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Марлен Қапашұлы, Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов, Қазақстанның Құрметті жазушысы Нүсіпбай Әбдірахым, жазушы Есболат Айдабосын, ақын Жұматай Оспанұлы, сондай-ақ Алматы қаласынан арнайы келген ақын Қуаныш Жазай қатысып, жас ақынға...
Толығырақ... Оқылды: 68 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.02.2026

Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне орай «Ауған соғысы: Ұмытылмас тағдырлар» атты еске алу кеші өтті.

11 ақпан күні Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылған күніне орай «Ауған соғысы: ұмытылмас тағдырлар» атты тағылымы терең еске алу кеші өтті. Іс-шара аясында «Ауғаныстан ақиқаты» кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылып, «Ерлік – елге мұра» атты мазмұнды бейнеролик көрсетілді. Кеш барысында ауған соғысының ардагерлері М. Айнеков, А. Омаров, М. Баймолдинов, Ө.Сүлейменов өздерінің жүрек жарды естеліктерімен бөлісіп, жас ұрпаққа патриоттық рух пен отансүйгіштік өнегені насихаттады. Құлжабай Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінің оқушылары ақын Жангелді Немеребайдың «Ай мен гүл» өлеңінің желісі бойынша дайындалған мазмұны терең драмалық қойылым ұсынып, кештің көркемдік деңгейін арттырды. Сонымен қатар ауған соғысының ардагері М. Айнеков «Арманға» атты әсерлі әннін орындап, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады. Сондай-ақ Алматы облысы және Жетісу облысының мамандандырылған күзет басқармасының поли...
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.02.2026
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика