Жаңалықтар

«Дін – ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің мәліметі

8 сәуір күні С. Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Дін – ұстай алсаң – қасиетің, ұстай алмасаң – қасіретің» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Жетісу облысының Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының» маман-теологтары Булекбаев Ерік Аманкелдіұлы мен Нұржан Бауыржанұлы және студенттер қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, дінді дұрыс түсінуге бағыт беру және теріс ағымдардың алдын алу. Іс-шараның басында қатысушылар назарына тақырыпқа байланысты бейнеролик ұсынылды. Бейнероликте діннің адам өміріне әсері, оның тәрбиелік мәні, сондай-ақ дінді теріс түсінудің салдары көрініс тапты. Бұл көрініс қатысушыларды ойландырып, тақырыпқа деген қызығушылықты арттырды. Одан кейін сөз кезегі теолог мамандарға берілді. Мамандар баяндамасында діннің шынайы мазмұнын дұрыс түсінудің маңыздылығына тоқталды. Олардың айтуынша, діни сауатсыздық – радикалды идеологиялардың таралуына жол аш...
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 08.04.2026

«Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға мазмұнды библиографиялық шолу ұсынылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ жас ұрпақтың құқықтық білімін жетілдіру. Көрме барысында кітапхана қорындағы бірқатар маңызды еңбектер таныстырылды. Атап айтқанда: А. Ағыбаевтың «Парақорлық үшін қылмыстық жауаптылық», Е. Алаухановтың «Антикоррупционная правовая политика», И. Борчашвилидің «Коррупционные преступления: закон, теория и практика» Б. Жетпісбаеваның «Стратегия борьбы с коррупцией», С. Кемелбеков пен А. Смағұловтың еңбектері және сонымен қатар, оқырмандар назарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңнамалық құжаттар ұсынылды: &laq...
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 03.04.2026

«Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Армысың, Әз-Наурыз!» атты мерекелік кеш өтті

30 наурыз күні Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Армысың, Әз-Наурыз!» атты мерекелік кеш өтті. Мәдени шараға Жетісу университеті, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі және Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт мектеп-интернат-колледжінің студенттері белсене қатысып, ұлттық рух пен салт-дәстүрдің мәнін тереңінен сезінуге мүмкіндік алды. Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының бай мәдени мұрасын, ұлттық құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру, оларды отансүйгіштікке, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу болды. Сонымен қатар, кітапхана оқырмандарын рухани-мәдени ортаға тартып, жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру да негізгі міндеттердің бірі ретінде қарастырылды. Мерекелік кеш барысында Наурыз мейрамының мәні мен маңызы кеңінен насихатталып, қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлері таныстырылды. Қатысушыларға ұлттық тағамдар, әдет-ғұрыптар мен ырым-тыйымдар туралы...
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 30.03.2026

Қазақ руханиятының көрнекті өкілі, кемеңгер ойшыл әрі сыршыл ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы мұрасын ұлықтауға арналған IV облыстық «Шәкәрім оқулары» байқауы өтті.

Жетісу өңірінде қазақтың кемеңгер ойшылы, сыршыл ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлы мұрасын ұлықтауға арналған IV облыстық «Шәкәрім оқулары» байқауы өтті. Тағылымды шараны Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасы ұйымдастырған шараның мақсаты – жас ұрпаққа ақын шығармашылығын кеңінен насихаттау, ұлттық әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Байқауға облыстың әр аудан, қалаларынан келген 5–8 сынып аралығындағы оқушылардан 11 қатысушы қатысып, өздерінің білімдері мен өнерлерін ортаға салды. Қатысушылардың өнер додасы екі кезең бойынша өрбіді. Алғашқы кезең «Өлең үйіріліп көкейіңе ұйып жатсын» деп аталып, оқушылар Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқыды. Бұл кезеңде қатысушылардың сөз саптауы, дауыс ырғағы, сахна мәдениеті мен көркем оқу шеберлігі ерекше бағаланды. Екінші кезең «Білімдіден білімді озар жарысқанда» тақырыбында өтіп, бірінші кезеңнен іріктелген үздік оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығына...
Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.03.2026

27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Театр – өмір айнасы» атты танымдық сағат өтті.

27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Театр – өмір айнасы» атты танымдық сағат өтті. Іс-шара барысында қатысушыларға театр өнерінің шығу тарихы, оның қоғамдағы маңызы мен рухани құндылығы туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар, қазақ театрының қалыптасуы мен дамуы, көрнекті актерлер мен сахна шеберлері жайлы қызықты деректер айтылды. Шара аясында тақырыпқа сай кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге қойылған әдебиеттерге шолу жасалды. Оқырмандар театр өнеріне қатысты кітаптармен танысып, өздерінің таным көкжиегін кеңейтті.
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.03.2026
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика