Іс-шара барысында қоғам қайраткерлері, депутаттар, заң саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері конститутция ел өміріндегі маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі, заң үстемдігі мен қоғамдық тұрақтылық мәселелері жөнінде ой бөлісті. Іс-шараға қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып жүрген зиялы қауым өкілдері, депутаттар, заң саласының мамандары, мәдениет саласының басшылары, ардагерлер мен ақын-жазушылар қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Жангелді Немеребай шараны ашып, Конституцияның тәуелсіз Қазақстанның құқықтық негізі екенін атап өтті. Ол Ата Заңның ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтаудағы айрықша рөліне тоқталып, жиынның маңыздылығын айқындады.
Шара барысында Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Қуаныш Сұлтанұлы Сүлейменов сөз сөйлеп, Конституцияның ел дамуы жолындағы стратегиялық маңызына жан-жақты тоқталып, Ата Заңның қоғамдағы тұра...
|