Жаңалықтар

«Тәуелсіздік – еркіндігім, қастерлім» атты кітап көрмесі өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Тәуелсіздік – еркіндігім, қастерлім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихына арналған кітаптар, деректі еңбектер, мемлекет және қоғам қайраткерлері туралы басылымдар, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның даму кезеңдері мен жетістіктерін қамтитын әдебиеттер қойылды. Іс-шара барысында кітапханашы Алуа Сағынбай кітап көрмесін таныстырып, ұсынылған әдебиеттерге шолу жасады. Сонымен қатар, Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінің директоры Гульнар Тұрсынбайқызы сөз сөйлеп, Тәуелсіздіктің маңызы мен оның қоғам өміріндегі рөлі туралы өз ойымен бөлісті. Аталған кітап көрмесі зағип және нашар көретін оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, тәуелсіздік құндылықтарын терең түсінуге ықпал етті.
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 15.12.2025

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай «Егемендік елдігім – Тәуелсіздік теңдігім» атты тарихи-танымдық кеші өтті

11 желтоқсан күні С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханада «Егемендік елдігім – Тәуелсіздік теңдігім» атты тарихи-танымдық кеші ұйымдастырылды. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Көркем академиясының вице-президенті, Жетісулық Желтоқсандықтар қоғамдық қорының төрағасы Жүнісхан Ермұхан, Жетісу ардагері, Желтоқсан оқиғасына қатысушы Ешенов Айдархан, сондай-ақ Желтоқсан оқиғасының қатысушысы, Қ.Қасымов атындағы №28 IT мектеп-лицейінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Букейбаева Толқын Мұсаханқызы және Желтоқсан ардагері Кенжебай Қайрат Кенжебайұлы қатысты. Кездесу барысында Желтоқсан көтерілісіне қатысушылар 1986 жылғы тарихи оқиға туралы өз бастарынан өткен жайттарды, күрес пен қуғын-сүргінге толы қиын кезеңдердің естеліктерін бөлісті. Іс-шарада кітапхана директоры Самал Қанатханқызы Шаяхметова мен ReWomen әйелдер кеңесінің Жетісу облыстық филиалының төрайымы Аздерова Шолпан Меркенқызы Тәуелсіздік құндылығы, елдік бірлік пен рухани жаңғыру жайында жү...
Толығырақ... Оқылды: 83 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 11.12.2025

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде үйге қызмет көрсету жұмыстары жүргізілді.

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде үйге қызмет көрсету жұмыстары жүргізілді. Тұрақты оқырманымыз, 1-топ көз мүгедегі Қасейнова Кульшари ханымның тапсырысы бойынша Брайль қарпімен басылған кітаптар және аудиокітаптар үйіне жеткізілді. Қызмет көрсету барысында оқырманның кітапқа деген сұраныстары тыңдалып, алдағы уақытта қажетті әдебиеттерді жеткізу мәселелері келісілді.
Толығырақ... Оқылды: 62 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.12.2025

«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында «Жыл таңдауы» атты жылжымалы кітап көрмесі таныстырылды.

9 желтоқсан күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел-бір кітап» акциясында 2025 жылға таңдалған проза жанры бойынша ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы Тәкен Әлімқұловтың шығармалары мен поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, биыл 90 жылдық мерейтойы аталып өтетін Жұмекен Нәжімеденовтың шығармаларын насихаттау барысында «Жыл таңдауы» атты жылжымалы кітап көрмесін «Halyk» банк мекемесіне келген оқырмандарға таныстырылды. Кітап көрмесінде әр жылдары жарық көрген Жұмекен Нәжімеденовтың екі томдық шығармалар жинағы мен өлеңдері, поэмалары және Тәкен Әлімқұловтың сегіз томдық шығармалар жинағы «Көкек айы» атты повесть пен әңгімелері, «Қаратау өрнектері» атты кітаптары қойылды. Қамтылғандар саны : 15 адам
Толығырақ... Оқылды: 71 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 09.12.2025

«Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Брайль жүйесін үйрету сабағы өтті

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында Брайль жүйесін үйрету сабағы өткізілді. Сабақ кезінде оқырманымызға Брайль әліпбиінің құрылымы түсіндіріліп, Брайль тақтайшасы арқылы мәтін жазу жолы көрсетілді. Сонымен бірге грифельді қолдану тәсілі үйретілді. Оқырман практикалық түрде әріптер мен қысқа мәтіндерді таңбалап жазып, қол дағдысын жетілдірді.
Толығырақ... Оқылды: 49 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.12.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика