Жаңалықтар

«Діни экстремизм – қауіпті құбылыс» атты ақпарат сағаты өтті.

2 желтоқсан күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханада қоғамдағы рухани қауіпсіздікті нығайту және оқырмандардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында «Діни экстремизм – қауіпті құбылыс» атты ақпараттық сағат өтті. Шара жүргізушінің кіріспе сөзінен басталып, қатысушыларға діни экстремизмнің мәні, оның қоғамға келтіретін зияны және радикалды идеологияның таралу қаупі туралы мәлімет берілді. Тақырыпты тереңірек түсіндіру үшін «Діни экстремизм – қоғамға төнген қауіп» бейнеролигі көрсетілді. Іс-шараға Жетісу облысының Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының маман-теологы, Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Қанат Мүтебаев қатысып, діни тұрақтылықты сақтау, дұрыс ақпаратты ажырату және қауіпті жалған ағымдарды тану жолдары жөнінде құнды ақпарат айтып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, кітапханашы Гаухар Болатбекова «Діни экстремизм – қоғам қауіпі» атты кітап көрмесі...
Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 02.12.2025

«QuizNight: кешкі білім додасы» кешкі кітапханасы өтті

27 қараша күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Кешкі кітапхана жобасы аясында оқырмандардың зияткерлік қабілетін дамыту, логикалық ойлауын жетілдіру және белсенді шығармашылық ортаны қалыптастыру мақсатында «QuizNight: кешкі білім додасы» атты зияткерлік ойыны өтті. Шараға қала мектептерінің оқушылары қатысып, сайыс барысында 5 топқа бөлінді.Қатысушылар өз білімдерін төрт түрлі бағыттағы қызықты кезеңдер бойынша сынға салды. Зияткерлік сайыс 4 кезеңнен тұрды: 1-кезең:р«SpeedMind» Бұл кезеңде қатысушылардың ойлау жылдамдығы мен білім деңгейі тексерілді. Қысқа да нұсқа логикалық және танымдық сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап беру — кезеңнің негізгі талабы болды. 2-кезең:р«SmartPics» Экранда көрсетілген суреттерді талдай отырып, жасырылған мақал-мәтелді табу тапсырылды. Қатысушылар бұл бөлімде бейнелік ойлау мен ассоциация құру қабілеттерін көрсетті. 3-кезең:т«Тыңда&Тап» Қатысушылар белг...
Толығырақ... Оқылды: 38 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.11.2025

Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Бақытсыз Жамал» атты романына талқылау өтті.

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында қазақтың көрнекті ағартушысы, ақын, жазушы, педагог, қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына арналған «Бақытсыз Жамал» атты романына талқылау өтті. Шара «Қаламы қайсар, рухы өр – Міржақып Дулатов» атты кітап көрмесіне шолудан басталып, оқырмандар арасында Жамал бейнесінің тарихи маңызы мен романда көтерілген әлеуметтік мәселелер кеңінен талқыланды. Сонымен қатар роман бойынша ұяшық таңдау арқылы сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Талдықорған қаласы Еңбек ауылындағы №22 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстазы, сөз өнерінің жанашыры Ақбакирова Гүлнар Өмірзаққызы өз пікірін ортаға салды. Кітапханашы Өтеулі Аяна Жамалдың жүрек тебірентер монологын әсерлі түрде оқып берді. Монолог барысында оқушылар сол дәуірдің ауыр тағдырын, қыз баланың еркіндікке деген ұмтылысын, Жамалдың жан айқайын терең сезіне алды. Талқылау оқушылардың әдеби талғамын дамытып қана қоймай, қазақ әдебиетіне...
Толығырақ... Оқылды: 96 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.11.2025

«Жыл таңдауы» атты жылжымалы кітап көрмесі

19 қараша күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «Бір ел-бір кітап» акциясында 2025 жылға таңдалған проза жанры бойынша ұлтымыздың көрнекті жазушысы, ақын, сыншы, аудармашы Тәкен Әлімқұловтың шығармалары мен поэзия жанры бойынша мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, биыл 90 жылдық мерейтойы аталып өтетін Жұмекен Нәжімеденовтың шығармаларын насихаттау барысында «Жыл таңдауы» атты жылжымалы кітап көрмесі «Еңбек ресурстары және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» мекемесінде өткізілді. Кітап көрмесінде әр жылдары жарық көрген Жұмекен Нәжімеденовтың екі томдық шығармалар жинағы мен өлеңдері, поэмалары және Тәкен Әлімқұловтың сегіз томдық шығармалар жинағы «Көкек айы» атты повесть пен әңгімелері, «Қаратау өрнектері» атты кітаптары таныстырылып, библиографиялық шолу жасалды.
Толығырақ... Оқылды: 64 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 19.11.2025

«Бір ел- бір кітап акциясы» аясында «Көз жанары - өмір айнасы» » атты байқауы өтті

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің үйымдастыруымен зағип оқырмандардың кітап оқу мәдениетін дамыту және қолдау, мақсатында. «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Көз жанары –өмір айнасы» атты байқауы өтті. Байқау 2 кезеңнен тұрды: 1.Жұмекен Нәжімеденовтың 2 шығармасын,Тәкен Әлімқұловтың 3 шығармасын оқып, ішінен өзіне ұнаған шығармасына мазмұндама айту. Шығармаларға байланысты 5 сұраққа жауап беру. 2.Жұмекен Нәжімеденовтың өзі таңдаған өлеңін жатқа айту. Байқауға бөлімнің 6 зағип оқырманы қатысып өз шеберлігімен біліктілігін жоғарғы дәрежеде көрсетті . Байқаудың I дәрежелі дипломымен Даркенбаев Аликен, II дәрежелі дипломымен Джапаркулова Айгуль, III дәрежелі дипломымен Атейбеков Ербол марапатталды. Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге алғыс хаттар берілді.
Толығырақ... Оқылды: 56 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 12.11.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика