Жаңалықтар
«Бір ел- бір кітап акциясы» аясында «Көз жанары - өмір айнасы» » атты байқауы өтті
Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің үйымдастыруымен зағип оқырмандардың кітап оқу мәдениетін дамыту және қолдау, мақсатында. «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Көз жанары –өмір айнасы» атты байқауы өтті.
Байқау 2 кезеңнен тұрды:
1.Жұмекен Нәжімеденовтың 2 шығармасын,Тәкен Әлімқұловтың 3 шығармасын оқып, ішінен өзіне ұнаған шығармасына мазмұндама айту. Шығармаларға байланысты 5 сұраққа жауап беру.
2.Жұмекен Нәжімеденовтың өзі таңдаған өлеңін жатқа айту.
Байқауға бөлімнің 6 зағип оқырманы қатысып өз шеберлігімен біліктілігін жоғарғы дәрежеде көрсетті . Байқаудың I дәрежелі дипломымен Даркенбаев Аликен, II дәрежелі дипломымен Джапаркулова Айгуль, III дәрежелі дипломымен Атейбеков Ербол марапатталды.
Байқауға қатысқан барлық үміткерлерге алғыс хаттар берілді.