Жаңалықтар

Әлем таныған Әнуар Әлімжанов еске алу кеші

Құрметті, оқырман! Әлем таныған Әнуар Әлімжанов 2025 жылдың 3 қазан күні сағат 11:00 де Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның жазушысы Әнуар Тұрлыбекұлы Әлімжановтің туғанына 95 жыл толуына орай еске алу кеші өтеді. Шара аясында қаламгердің шығармашылық жолы кеңінен сараланып, оның әдебиеттегі орны мен ұлттық руханиятқа қосқан сүбелі үлесі жайлы тағылымды ойлар ортаға салынады. Барша әдебиетсүйер қауымды осы еске алу кешіне құрметпен шақырамыз. Күні 2025 жылы 3 қазан Уақыты 11:00 де Өтетін орны: Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы кітапханасы
Толығырақ... Оқылды: 65 Санат: Афиша Уақыты: 30.09.2025

«Үздік балаларға арналған жоба» атты байқау өтті

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен жас оқырмандарды кітапханаға тарту және оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында Жетісу облысы кітапханалары арасында «Үздік балаларға арналған жоба» атты облыстық байқау өткізілді. «Үздік балаларға арналған жоба» атты байқау кітапханашылардың шығармашылығын дамытып, балаларды кітапханаға тарту және оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға бағытталған. Байқау арқылы балаларға арналған тиімді жобалар мен инновациялық әдістерді анықтап, тәжірибе алмасуға жағдай жасау көзделді. Сонымен қатар, бұл іс-шара кітапхана қызметінің сапасын арттырып, жас оқырмандардың рухани және интеллектуалды дамуына үлес қосу Бұл байқау үш кезеңнен тұрды: І кезең (өзін таныстыру, 50 беттен аспайтын слайд ұсыну) ІІ кезең (жоба аясында жүргізілген жұмыстары, бейне таныстырылым 1-3 мин.) ІІІ кезең (кітапхана саласына қатысты 5 сұраққа жауап беру) Байқаудың қорытындысы бойынша Панфилов ауданы...
Толығырақ... Оқылды: 52 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.09.2025

Қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай «Тарихтың алтын беттері» атты ақпарат сағаты өтті.

25 қыркүйек күні Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында Қазақ хандығының құрылғанына 560 жыл толуына орай «Тарихтың алтын беттері» атты ақпарат сағаты өтті. Тарих тереңіне бойлатқан бұл мазмұнды шарада оқушылар рухани азық алып, ата-бабаларымыздың елдік жолдағы ерлігі мен даналығына тағы бір мәрте көз жеткізді. Шара барысында «Ұлы дала елінің ұлы тарихы» атты танымдық видеоролик көрсетіліп, оқырмандарды Қазақ хандығының негізі қаланған тарихи кезеңдерге терең бойлатты. Кітапханашы Сағынбек Ақерке «Ұлы хандықтың 560 жылы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, көрме сөрелеріндегі тарихи еңбектер мен зерттеу материалдарына кеңінен тоқталды. Оқушылар қызығушылықпен тыңдап, ұлтымыздың шежірелі жолын паш ететін кітаптармен танысты. Сонымен қатар шараның мазмұнын байыта түскен тағы бір сәт – қазақ хандығына байланысты ұйымдастырылған танымдық викторина болды. Сұрақтар арқылы оқушылар өз білімдерін сынға салып, тарихи дерек...
Толығырақ... Оқылды: 112 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.09.2025

«Кедергісіз болашақ» жобасы аясында« Шексіз мүмкіндіктер әлемі» » атты байқауы өтті.

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімнің үйымдастыруымен зағип оқырмандардың кітап оқу мәдениетін дамыту және қолдау, қоршаған әлемді зерттеуге және қабылдауға бейімдеу мақсатында. «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында« Шексіз мүмкіндіктер әлемі» атты байқауы өтті. Байқау 3 кезеңнен тұрды: 1. Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі», Мұхтар Әуезов «Қорғансыздың күні», Дулат Исабеков «Дермене», Александр Куприн «Гранатовый браслет», Лев Толстой «Метель», Федор Достоевский «Сон смешного человека» берілген шығармалардан үзінді тыңдап, сол шығарманың атын анықтау және авторын табу. Шығармаға байланысты 5 сұраққа жауап беру. 2. Саусақ ұшымен сезіну арқылы тактильді суреттерді анықтау, суреттегі бейнеге байланысты өлең жолдарын оқу 3. 5 түрлі мақал мәтелді жалғастыру, Байқауға бөлімнің 7 зағип оқырманы қат...
Толығырақ... Оқылды: 54 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 25.09.2025

«Kitap Time – 2025» ІV жалпы республикалық кітап фестивалі өтті.

24 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен республика көлемінде ұйымдастырылған «Kitap Time – 2025» ІV жалпы республикалық кітап фестивалі аясында мазмұнға бай руханияты терең мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Әдебиет әлеміне жол ашқан бұл рухани мерекеде қонақтарды қазақ сөз өнерінің інжу-маржандарын қамтыған «Оқуға тиіс 100 қазына» атты кең көлемді кітап көрмесі қарсы алды. Ұлттық әдебиеттің алтын арқауын танытқан бұл көрме көпшілікті терең ойға жетелеп, кітап оқуға деген құлшынысын арттыра түсті. Шараның шымылдығы «Кітапханаға кел» атты әсерлі әнмен ашылып, жиынға мерекелік көңіл күй сыйлады. Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың директоры Самал Қанатханқызы Шаяхметова алғашқы болып сөз сөйлеп, жастарды кітаппен дос болуға, әдебиеттен рухани нәр алуға шақырды. Мерекеге ерекше сән берген – Мұқағали Мақатаев атындағы поэтикалық жасөспірімдер театрының өнерпаздары...
Толығырақ... Оқылды: 118 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 24.09.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика