Жаңалықтар

Білім күніне орай «Кітапхана – білім мен мәдениеттің мекені» атты ашық есік күні жалғасуда.

Білім күніне арналған «Кітапхана – білім мен мәдениеттің мекені» атты ашық есік күні жалғасуда. Шараның негізгі мақсаты – студенттерді кітапханамен таныстыру, оқырмандарға білім ордасының рухани қазынасын насихаттау болды. Аталған іс-шараға Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт мектеп-интернат-колледжінің студенттері шақырылып, кітапхана қызметімен жан-жақты танысуға мүмкіндік алды.Мерейтой иегерлері мен жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылған кітап көрмесі таныстырылды. Студенттер оқу залдарын аралап, жаңа кітаптармен және ақпараттық ресурстармен танысып, кітапхананың жұмыс тәртібі, пайдалану ережелері мен электронды жүйені қолдану жолдары түсіндірілді. Ашық есік күні жас буынның кітапқа қызығушылығын арттырып, кітапхананы білім мен мәдениеттің маңызды ортасы ретінде бағалауға жол ашты.
Толығырақ... Оқылды: 68 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 05.09.2025

«Тіл – ең қымбат қазына» атты танымдық сағат өтті.

4 қыркүйек күні Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақ соқырлар қоғамы қоғамдық бірлестігінің клубында Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Тіл – ең қымбат қазына» атты танымдық сағат өтті. Шараны кітапханашы Нұрланов Рауан жүргізді. Танымдық сағат барысында тілдің – халықтың жаны, ұлттың айнасы, ең қымбат қазына екендігі жөнінде мәлімет беріліп, қазақ тілінің қоғамдағы орны мен маңызы туралы ой қозғалды. Сонымен бірге арнайы дайындалған кітап көрмесі таныстырылып, оқырмандарға ұсынылды. Оқырмандар мемлекеттік тілге қатысты сұрақтарға жауап беріп, «Мақал-мәтелді жалғастыр» атты танымдық ойынға қатысып, белсенділік танытты. Іс-шара соңында тіл – ата-бабадан қалған асыл мұра екендігі, оны қастерлеу мен қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы екендігі ерекше атап өтілді.
Толығырақ... Оқылды: 87 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.09.2025

Білім күніне орай «Кітапхана – білім мен мәдениеттің мекені» атты ашық есік күні өтті.

Білім күніне арналған «Кітапхана – білім мен мәдениеттің мекені» атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – студенттерді кітапханамен таныстыру, оқырмандарға білім ордасының рухани қазынасын насихаттау болды. Аталған іс-шараға «Білім» колледжінің 1 курс студенттері қатысып, кітапхананың қорымен, жаңа әдебиеттерімен және түрлі бөлімдердің жұмысымен танысты, кітапхананың оқу залдарын аралап көрді. Сонымен қатар, оларға кітапхана ережелері мен электронды каталогты пайдалану жолдары түсіндірілді. Бұл күн студенттердің жаңа білім ордасына бейімделуіне, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға және кітапхананы мәдени-ағартушылық орта ретінде тануына ықпал етті.
Толығырақ... Оқылды: 49 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 04.09.2025

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заң – асыл мұраттар бастауы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды

Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заң – асыл мұраттар бастауы» атты кітап көрмесі өтті. Іс-шараның мақсаты – құқықтық мәдениет қалыптастыру, Ата Заңның қоғамдағы рөлін насихаттау және азаматтардың заңға деген құрметін арттыру. Көрме аясында Қазақстан Республикасының Конституциясына қатысты заң әдебиеттері, құқықтық түсіндіру материалдары қойылды. Сонымен қатар, Конституцияның қабылдану тарихы мен оның негізгі қағидаттарын қамтитын арнайы бейнеролик көрсетіліп, қатысушыларға Ата Заңның ел дамуына қосқан үлесі туралы жан-жақты ақпарат берілді. Кітап көрмесіне «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысының және Жетісу облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қатысты.
Толығырақ... Оқылды: 69 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 29.08.2025

Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Ата заңның шұғыласы» атты кітап көрмесі

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Ата заңның шұғыласы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Қазақстан Республикасының Конституциясы, мемлекет және құқық негіздері, тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен даму жолын баяндайтын еңбектер, заң ғылымына қатысты әдебиеттер қойылды. Сонымен қатар Елбасы мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектері, Ата заңның қабылдану тарихы мен оның қоғамдағы рөлі жайлы материалдар ұсынылды. Кітап көрмесі оқырмандарға еліміздің конституциялық дамуын тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.
Толығырақ... Оқылды: 81 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.08.2025
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика