Жаңалықтар

Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Ата заңның шұғыласы» атты кітап көрмесі

Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Ата заңның шұғыласы» атты кітап көрмесі
Уақыты: 28.08.2025
Оқылды: 81

Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімінде Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Ата заңның шұғыласы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеге Қазақстан Республикасының Конституциясы, мемлекет және құқық негіздері, тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен даму жолын баяндайтын еңбектер, заң ғылымына қатысты әдебиеттер қойылды. Сонымен қатар Елбасы мен мемлекет қайраткерлерінің еңбектері, Ата заңның қабылдану тарихы мен оның қоғамдағы рөлі жайлы материалдар ұсынылды.

Кітап көрмесі оқырмандарға еліміздің конституциялық дамуын тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика