Жаңалықтар
Білім күніне орай «Кітапхана – білім мен мәдениеттің мекені» атты ашық есік күні өтті.
Білім күніне арналған «Кітапхана – білім мен мәдениеттің мекені» атты ашық есік күні ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – студенттерді кітапханамен таныстыру, оқырмандарға білім ордасының рухани қазынасын насихаттау болды.
Аталған іс-шараға «Білім» колледжінің 1 курс студенттері қатысып, кітапхананың қорымен, жаңа әдебиеттерімен және түрлі бөлімдердің жұмысымен танысты, кітапхананың оқу залдарын аралап көрді. Сонымен қатар, оларға кітапхана ережелері мен электронды каталогты пайдалану жолдары түсіндірілді.
Бұл күн студенттердің жаңа білім ордасына бейімделуіне, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға және кітапхананы мәдени-ағартушылық орта ретінде тануына ықпал етті.