23 сәуір – Ұлттық кітап күні мерекесі аясында «Ашық есік күні – кітап әлеміне жол» атты ашық есік күні ұйымдастырылды.
Шара барысында оқырмандар қарсы алынып, «Білімнің алтын ордасына саяхат» атты экскурсия аясында келушілер кітапхананың бөлімдерімен танысып, кітап қоры мен қызмет көрсету ерекшеліктері туралы мағлұмат алды.
Сонымен қатар, оқырмандар назарына «Балаларға арналған заманауи әлем» және «Жетістік жолы: ой, әрекет, нәтиже» және «Ой. Рух. Ақыл:Ұлы дала ойшылдары» атты кітап көрмелері ұсынылып, жаңа және мотивациялық әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Көрмелерде оқырманның ой-өрісін кеңейтетін, тұлғалық дамуына ықпал ететін кітаптар таныстырылды.
Шараның ерекше бөлімі ретінде балалар жазушысы Жұмабала Балақаранова әжеміздің ертегісі оқылып, кішкентай көрермендер ертегілер әлеміне саяхат жасады.Келесі кезекте «Кел, билейік, балақай!» атты сергіту сәті ұйымдастырылып, балалар көте...
|